Сен тұр - мен айтайын!

Қазақ табиғатынан эстет

  • Қазақ табиғатынан эстет

    Қазақ табиғатынан эстет

"Қазақ эстетіне жағу қиын". Осылай депті бір бауыр. Иә, қазақ табиғатынан эстет. Эстет болмаса, үзік, дөдеге, басқұрынан бастап, тізе бүгер төсенішіне дейін оюлап, киіз үй ішін әсем әуенге толтырып, ән салғандай кестелемес еді. Эстет болмаса, ас ішетін аяғын, асадал менен жағданын, кесеқабы мен жүкаяғының бетіне дейін үзілдіріп өрнектеп, әдемілемес еді. Эстет болмаса, тобылғы сапты қамшының өзін сан өрім етіп, шілия, божы, өмілдірік, сағалдырықты сәндеп, шашақтап, күміспен күптемес еді. Эстет болмаса, қыздарына шолпы-шашбау, бетмоншақ, алқа, білезік тақтырып, аяқ басқан сайын сыңғырлатып, сылдыратып, сол әуенге елтімес еді. Эстет болмаса, көш сәніне зер салып, аяқ артар атының әбзелін әшекейлеп, жүгін тиер түйесінің қоршауы мен өгіздің самиянына өрнек салып, күйме, пәуескесін былай қойғанда рыдуан арбасының жиегін айшықтамас еді. Қазақ эстет болмаса, қарағай жонып, домбыра жасап күй төгілдіріп, қамыс-қурайдан сыбызғы уілдетіп, саз балшықтан жасалған сырнайды сызылтпас еді. Ешкінің шегін ызып шек жасап, теріні илеп, кептіріп шанаққа салып, аққу мойын қобыздан шерлі үнді сарнатып, төгілдірмес еді. Қазақ эстет болмаса ән-жыр, дастан-қисса айтып, тебіреніп терме төгіп таңды таңға жалғамас еді. Эстет болмаса бесіктегі баласын әлдимен тербеп, тұсауын кесер жібіне, отырғызар ашамайына дейін зер салмас еді. Эстет болмаса, шешендік сөзді түйдегімен тастап, бітіспес кектің өзін тауып айтқан бір ауыз сөзді бағалаумен тоқтамас еді. Эстет болмаса бабалары мекендеген қорымдарынан, үйілген обаларынан алтын адамдар табылып, әлемдік жауһарға қосылмас еді. Иә, еді, еді...


Енді келіп ұрпағы қазақ эстетіне жағу қиын дейді. Әрине, сөз парқына жете мән бермесе, баба тегінің тереңіне үңілмесе сөйдейді.

Қазақ эстет!


Анар Толеухан

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 489    Пікірлер: 0

жұма, 02.11.2018, 13:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қараша, 18:16
    Хиджап туралы нүкте
    11 Қараша, 19:42
    Несіне жылайсыздар?
    28 Қазан, 19:35
    VIP-АЖАЛ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30