Сен тұр - мен айтайын!

Қазақ тілі қосар әріптен бүліне қалады дегенге сенбеймін

  • Қазақ тілі қосар әріптен бүліне қалады дегенге сенбеймін

    Қазақ тілі қосар әріптен бүліне қалады дегенге сенбеймін

Латыншаға 26 әріппен көшу керек. Мақсат дұрыс. Бірақ кириллица жүрегімізге кіріп кеткен сонша, 26 әріпке қазақ тілін қалай сыйдырсаң да, "кирилл-қазақтарға" ұнамайды. Қарсылық қатты. Оның үстіне тіл мамандарының "фундаментализмі" қосылып, "қырсықтар" жағы қара аспанды төндіріп-ақ жатыр. Тіпті 40-50 жылдан кейін балалар латыншаны кирилше оқып, "уекімет", "еабдыкеадыр" деп жүретін болады дегендей уәждер айтылып жатыр. Өз басым ондай болады деп ойламаймын. Кирилден 50-60 жыл ішінде аман шыққан қазақ тілі қосар әріптен бүліне қалады дегенге сенбеймін. Дегенмен, бұдан да тиімді тәсіл табылса, қарсы болмас ем.

P.S.: Модернизация тарихынан "жаңа нәрсеге қарсылық қатты болады" деген тұжырымдарды оқитын едім, бірақ көрмеген соң аса мән бермейді екенсің. ФБ-дағы аттаннан кейін Түркия, Жапония сияқты елдердің неден өткенін ұққандай болдым. Түркия кезінде сақалды зорлап қыруға дейін жеткен. Бұдан да өтерміз :)) Өкініштісі, халықаралық терминдерді аса көп өзгертпей ала салатын графика жасау керек екенін айтқан адам некен-саяқ.


Рахат Мамырбек

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 622    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 13.09.2017, 09:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қыркүйек, 11:27
    Арың қанша тұрады?
    17 Қыркүйек, 13:16
    Негізі Канело жеңді
    13 Қыркүйек, 09:44
    "Әлі қыз" дедіңіз бе?
    5 Қыркүйек, 09:29
    Сыбайлас қамқорлық
    19 Тамыз, 13:40
    Кім кімді алдап жүр?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30