Сен тұр - мен айтайын!

Қазақ тілінің үндестік заңын қалпына келтіріп беріңіздерші

  • Қазақ тілінің үндестік заңын қалпына келтіріп беріңіздерші

    Қазақ тілінің үндестік заңын қалпына келтіріп беріңіздерші

Ғалымдар мен құзырлылардан өтініш:

1. Қазақ қарпін латыншаға көшірген кезде қазақ тілінің үндестік заңын қалпына келтіріп беріңіздерші. Сингармонизм -қазақ тілінің әлем тіліндегі ерекше орнын көрсетеді. Мысалы, өтүрүк, көсөм, күлгүн, т.с.с.

2. Менің ойым, жаңа қаріп ағылшын пернетақтасына сәйкестіріліп жасалса деймін. Апостроф, үстіңгі бір не екі ноқат, астыңғы сызықтар болмағаны жақсы. .

3. Қазақтардың орысшаға икемдеп бұрмаланған қазақ акценті мен қазақша интонациясын қалпына келтіруге, ол үшін қазіргі орыс әріптер мен орыс дыбыстарынан толық тазартып, қазақ дыбыстарының артикуляциялық және акустикалық қасиеттерін сақтап қалуға ерекше мән беру керек.

4. Басқа түрік тектес тілдердің сөйлеу мақамы бөлектеу болғандықтан оларға еліктеуден, латынша әліппелерін тура қотара салудан сақ болған жөн.

5. Қазақ тілінде жоқ бөтен тілдің в, ф, ц, щ, э, ь, ъ əріптері мен орыс сөздерді енгізу үшін ғана күшпен таңылған ю, я әріптерін енді қайтіп жолатпау керек.

Постскриптум. Арпагырапийа мен арпаепийа - екі бөлек ұғым болса да бір-біріне үйлесіп тұруға тиіс екендігін ескерсеңіздер екен.


Samat Nasir

Фейсбуктегі парақшасынан 



Көрілген: 512    Пікірлер: 1
Пікірлерді оқу (1) preloader

дүйсенбі, 17.04.2017, 10:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Тамыз, 08:40
    Пырагырамма
    30 Шілде, 00:45
    Өмір жайлы бір мысал
    19 Шілде, 17:54
    КӨКЖАЛДЫҢ КЕГІ
    1 Шілде, 17:41
    50-60 ҚАЗАҚ КЕРЕК!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31