Сен тұр - мен айтайын!

"ҚАЗАҚФИЛЬМГЕ" кереғар "ШАЛАКАЗАХФИЛЬМ" баяғыда қалыптасып қойған ба?

  • "ҚАЗАҚФИЛЬМГЕ" кереғар "ШАЛАКАЗАХФИЛЬМ" баяғыда қалыптасып қойған ба?

"ШАЛАКАЗАХФИЛЬМ" НЕМЕСЕ КИНОНЫҢ ТІЛІ ҚАНДАЙ ТІЛ?


"Хабардан" "Тайталас" деген сериалды көріп отырмын. Жап-жақсы дүние сияқты, тек кейіпкерлерінің орысшаны көп қосатыны болмаса...

"Сайтымызда ПРОСМОТР көбейетін болды " деді бір кейіпкер...Екіншісі үйге "мамалап" кірді...Үшіншісі бастығына "Сабит Мажитович" деп мөлиді...Тізе берсең кете береді.

Дәл осындай мемлекеттік арна- "Қазақстан" корпорациясы "маманы" барлық сериалдарында "анашым" дегізді, "просмотр" дегенді мүлдем эфирге жібермейді. Қызық! Екеуі де ҚАЗАҚ деген халықтың арналары. Бірі сериалдың тілі таза қазақша болуын қадағалайды, екіншісі "шалаказакша" сериалға көзжұмбайлық жасайды.

Үлкен кинода да солай!

"Қазақфильм" қазақша киноларға бөтен тілдің кіріп кетпеуіне көп мән береді. Ал, кинотеатрларды жаулап алған коммерсанттар- Адамбаев,Қоянбаевтардың кинолары керісінше орысша араласқан "ботқа" болып шығуда. Бір сөзбен айтқанда, Досхандардың киносының тілі- қазақша, Қоянбаевтардікі-шалақазақша...

Осыған қарап "ҚАЗАҚФИЛЬМГЕ" кереғар "ШАЛАКАЗАХФИЛЬМ" баяғыда қалыптасып қойған ба деп те ойлайсың. Тек оны ресми түрде рәсімдеу ғана қалған сияқты...


Арман Сқабылұлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 602    Пікірлер: 0

жұма, 22.06.2018, 10:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Шілде, 17:43
    Өйткені, ол ОЛ ғой.

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31