Сен тұр - мен айтайын!

Қазақша ауыратын адамға «Family doctor»-ның не керегі бар еді?

  • Қазақша ауыратын адамға «Family doctor»-ның не керегі бар еді?

    Қазақша ауыратын адамға «Family doctor»-ның не керегі бар еді?

Бүгін отбасылық емханаға барғанмын. Дәрігердің есігіндегі жазуды көрген ілкі сәтте өлгенше күлдім. «Отбасылық дәрігер. Family doctor. Семейный врач» деп үш тілде жазып қойыпты. Шет елдің адамы өлейін деп әл үстінде жатса да келмейтін жерге ағылшын тілі неге керек болып қалды екен? Күйіп кеттім. Жыным ұстағаны сонша, есікті ашып, ішке ендім де ағылшынша аңыраттым: «Good mooning, my family doctor!». Дәрігер байғұс қазақылау адам екен, шошып кетті. «Психиатор в следующим кабинете» дей жаздағанын көзінен оқып тұрмын.

Сонан бір күліп алдық та екеуміз таза қазақша жарты сағат менің ауруымның төңірегінде әңгімелестік. Сұхбат соңында «Жел қарысқан» деген диагноз қойылды. Мұндай диагнозды ағылшынша анықтамалықтан жүз сағат іздесең де таппайсың. Сонда деймін-ау, ауырса да қазақша ауыратын адамға «Family doctor»-ның не керегі бар еді? 


Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 386    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сенбі, 18.03.2017, 17:46

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
5 Желтоқсан, 13:31
ЕРКЕКИ ЫНТА
3 Желтоқсан, 12:29
Мен бүгін жарылдым...

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
желтоқсан
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31