Сен тұр - мен айтайын!

Қазақша жарнаманың неге шалажансар болып жүретінінің бір себебін сол кезде ұқтым

  • Қазақша жарнаманың неге шалажансар болып жүретінінің бір себебін сол кезде ұқтым

    Қазақша жарнаманың неге шалажансар болып жүретінінің бір себебін сол кезде ұқтым

Екі-үш жыл бұрын, баламен үйде отырғанда бір ірі жарнама агенттігінен хабарласты. Әлеуметтік жарнамаға мәтін жазу керек. «Пәленше–түгеншеевна (бір жақсы жазушы апай) сізді ұсынды, сізді мақтады» деп іш-бауырыма кіріп барады. Қуанып кеттім)) Мақтады дегенге де, ақшасына да. Кірістік. Кейіпкердің аузына: «Қазақ жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған» деген сөзді салып, тап-тұйнақтай қылып жазып бердім. Іштей қобалжу да бар. «Үлкен бастық тексереді, сол кісі мақұлдайды», - деген. «Мақтағандарың мынау ма»,- деп айта ма деп. Күдігім расқа айналды. Екі күннен кейін «келіп кетесіз бе, мәтінді бастық мақұлдамады, түзетіп қойды», - деген хабар алдым. Жеткенше өзімді-өзім жеп, жерлеп, «ұят-айлап» терлеп бардым. Сөйтсеееем, мақұлдайтын әйел басшы «саляматсиз ба» деп амандасып алдымнан шықты ғой. Өз көзіме де, өз құлағыма да сенбей отырмын. Мына кісі қазақша мәтінге өзгерту енгізді ме? Бір ойым «ее мықты бір филологқа қаратып түзетіп алды ма екен» дейді. Жооқ. Апам отырғызып қойып мәтіннің қандай болатынын маған түсіндіре бастады. Орыс құлақпен тыңдап отырсаң әп-әжептәуір сценарий. Бірақ қазақы түсінікке келіңкіремейді. Орысша мәтінді тұп-тура аударуымды талап етті.

- «Например вот эт слово, жетимин жлятпаган. Зачем? Нету же в русском тексте такого, причем тут жетим? Откуда вы взяли? А кангырған? А жесир? Ролик же про детей причем тут жесир. Я как понимаю, жесир это вдова. А это совсем другая тематика» бла-бла-бла...

- «Үйбай-ау негізгі идеядан тыс кеткен жоқпын ғой, мәтіннің орысшадан тікелей аударылуы міндетті емес. Қазақша жарнамасы қазақи болып шықсын да, орысшасын орыс түсінікпен жасай беріңіздер. Қайдағыыыы... ұқпайды. Не сөз тыңдамайды. Сонымен, бас тартсам ана кісі енгізіп тастаған калька сөздермен кетейін деп тұр. Ертең - съемка. Орысшасын дұрыстап аударып беруге мәжбүр болдым. Ертеңінде түсіру алаңында кейіпкер ана ашулансын?

- Мынау не қарағым-ау, жаңылтпаш сияқты қалай айтам мұны!? Камера алдында шатаса береді. Жүз дубль жасап, давлениесін көтеріп, титықтатып жібердік. Сосын ақырын өз мәтінімді алдына тосып, «мынаны айтып шыға алар ма едіңіз» дедім. Апам шалқасынан түсе жаздады. «Ойбай-ау бағанадан бері не мыжып отырсыңдар, мынау ғой дұрыс сөз, осыны айтам! Апам осылай деп қиғылықты салды. Жарнамаға тапсырыс берген қаржы ұйымының өкілдері екеумізді де түтіп жеп қоя жаздады. Әсіресе мені. Айтпағандары жоқ, мені съемканы срыв жасау үшін әдей істеген қылмыскер етіп көрсетіп, пәленше түгеншеевна бекіткен сценарийден ауытқуға болмайтынын айтып... Өлдім дегенде, таңғы алдыдан бастаған жұмыс түнгі сағат екі жарымда бітіп, апам тырапай аса жаздады.

Қазақша жарнаманың неге шалажансар болып жүретінінің бір себебін сол кезде ұқтым. Тапсырыс беруші – орыс тілді, қабылдап алатын – орыс тілді, жарнамалық ролик түсіретін агенттіктердің дені - орыс тілділер. Содан барып құдалардың алдына келіп мал-мүлік, мүккамалы түгіл қызының үстіне бір қорап пістесін қосып беретінін күлімдеп отырып жеткізетін қыз шешесі, енесімен бірге пляжда жүретін күйеу бала, келінімен арпалысып жүретін ата, шабында сулы түйіршіктері бар бала жайлы жарнама пайда болады екен.


Зәуре Зақанқызы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1014    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 03.11.2017, 19:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қаңтар, 13:04
    Ұлтқа қарсы пост
    13 Қаңтар, 10:06
    ...Әйелім қуып кетті?!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28