Сен тұр - мен айтайын!

Қазақстанды білетін адам өте-өте аз.

  • Қазақстанды білетін адам өте-өте аз.

    Қазақстанды білетін адам өте-өте аз.

Елімізге оралайықшы! Көптен бері туризмге қатысты келесі идея маза бермей жүр. Өткенде Мәдениет және спорт минстрлігінің тапсырысымен әуежайда екі жұптың барар елін бір-біріне жасырып, Бурабайды Швейцарияға, Шарынды Гранд Каньонға теңеген тәп-тәуір бейнеролик түсірілді. Бәрі жақсы. Бірақ! Мен саяxатшымын. Саяxатшының тәжірибесі мен ютубтың ережесіне сүйеніп мынаны айтқым келеді. Мен қаншама шет ел көрдім Қазақстанды білетін адам өте-өте аз. Бұл туралы арнайы пост та жаздым. Сол себепті ешкім ютубке "Kazakhstan" деп жазып еліміз туралы видеоны іздеп отырмайды. Біз Малайзия, Балиде тұрғанымызда жердің бір жеріндегі сарқырамаға билет сатып отырған жігіт қана: "WOW! Kazakhstan! GGG... Gennady Golovkin.." деді қуанып. Үш айдың ішінде Қазақстанды таныған адам жалғыз сол жігіт болды. Ол да Генамыз арқылы. Соңғы жылдары менің түйгенім, бізді тек Димаш, Гена арқылы ғана таниды. Сол себепті, шетелден туристерді тартар болсақ мұндай бейнероликтерді Бурабайдағы тауға @gggboxing жіберіп, @kudaibergenov.dimash Маңғыстаудағы Торыш алқабындағы тастарды аралатып түсіру керек. Сонда ғана елдің атын шығарып жүрген нағыз жұлдыздарды аңдып, минут сайын олардың жаңартылған видеоларын күтіп отыратын фанаттары арқылы елге туристерді тартуға болады. Бұл идея мықты нәтиже береді. Тек іске асыру керек! Жазғанымды іске асыруға билігі жететін ағаларды белгілеп қойсаңыздар


Көрілген: 698    Пікірлер: 0

сенбі, 24.11.2018, 11:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Желтоқсан, 16:21
    Тәртіп бар еді ол кезде
    17 Қараша, 18:16
    Хиджап туралы нүкте
    11 Қараша, 19:42
    Несіне жылайсыздар?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31