Қазақтар қыздарын оқытса тек супер- мупер жерлерде оқытқысы келеді...
Туркияның, Арабияның сауда, отель жəне басқа да қызмет көрсету орындарынан жұмыс істеп жүрген қырғыз қыздарын жиі көремін.
Бəрі де түрікше , арабша еркін сөйлеп жүр. Бəрі де сондай биязы, жылдам əрі əдемі.
Қызықтым десем өтірік емес.
Расын айтсам, осы қырғыздардың қанында батылдық бар. Қорықпайды.
Жап-жас қыздары тауды асып, теңіз асып , мүлдем жат , мүлдем алыс елдерде еңбек етіп жүр...
Чолпан деген қызбен сөйлестім. Бес жыл бойы шетелде еңбек етіп жүрмін дейді.
Бүгіндері ресторандық бизнесте, туризмде жəне үлкен супермаркеттерде жұмыс істей аламын дейді.
Екі жылдық ағылшын курсында оқып жүрмін. Келешекте Европадан да жұмыс іздеймін дейді.
Ал қазақтар қыздарын оқытса тек супер- мупер жерлерде оқытқысы келеді...
Содан кейін сол қыздардың көбі дипломдарын сейфке тығып тастайды...
Олар жəй жұмысты менсінбейді.
Сондықтан олар құрып кеткенде банкте отырғысы келеді...
Иə, солай.
Өмір сүре білудің заңдылығы əр елде əртүрлі...
Айгүл Асылбекова-Нөкербаева
Фейсбуктегі парақшасынан