Сен тұр - мен айтайын!

Қазақтың болмысы неге плинтустың деңгейінен төмендеп кетті?

  • Қазақтың болмысы неге плинтустың деңгейінен төмендеп кетті?

    Қазақтың болмысы неге плинтустың деңгейінен төмендеп кетті?

Наурыз күнгі Алматыдағы Кенжехан базарынан түсіріліп, əлеуметтік желіде таралған видеоны Брюссельде жүріп көрдім де шок болдым!(( Дастархандағы асқа таласып қырылысқан жұрт.

Құдай-ау, мен қайдан келдім? Қайда келдім? Өзімді дəп бір қоқыс алаңының арасынан шығып келіп, ақсүйектер балына тап болған, жан дүниесі кір-қожалақ қаңғыбастай сезінгенім соншалық, қоярға жанымды жер таппай, қараптан-қарап қысылдым. Бұл адамдардың пейілі неден тарылды? Неге осындай тобырлық деңгейге түсті? Тапшылық тартқаннан дерсіз бəлкім. Жоооқ, кешіріңіз! Мен тапшылық дегеннің не екенін білем. Біздер - соғыстан кейінгі жылдары дүниеге келген ұрпақ жоқшылықтың табын сезініп өстік. Есімде, көршілер бір-бірінен бір табақ ұн, жарты қорап сіріңке сұрап келетін. Бір əйелде бір жақсы көйлек болса, бүкіл ауылдың əйелдері кезекпен тойға сұрап киетін. Анамның қызыл қырым етігі мен жібек шəлісі болушы еді, өмірі үйде тұрмайтын, тойға барған əйелдің аяғы мен иығынан табылатын. Жиын-терінде біреу-міреудің артық рет дастарханға қол созғанын байқай қалған жан "тек-ей, тұқымың өскір! Өлдің бе сонша сумаңдап, ұят болады!" деп, қағып тастайтын. Бітті! Бұл - Ар заңы! Қайталаудың жазасы - рухани өлім. Ешбір жоқшылықтың, ауыртпашылықтың Ар заңын бұзуға қауқары жетпейтін. Бүгінгі тапшылық неден сонша тегеурінді боп кеткен? Бүгінгі ашкөздік, сумақайлық, сұғанақтық қайдан келді қазаққа? Неге бір кездегі иманжүзді қазақтың болмысы плинтустың деңгейінен төмендеп кетті?

Ойдан ой туады. Жүрген жеріңде көрген-білгеніңді салыстырып, жүрек таразысына саласың. Сөйтесің де, неге деген сауалға булығасың.

Кеше Брюссельдің көтерме сауда орталықтарының бірінен үйге мол етіп азық-түлік əкеп алдық. Біздегі Магнум секілді ғой. Бейберекет ештеңе байқалмайды. Жұрт жайбарақат, керегінше кəрзіңкесін толтырып алып шығып кетіп жатыр. Əне, ана жерде ірімшіктің, мында кофенің, анда шараптың, кəмпиттің, т.т. жаңа түскен өнімдерді жұрт тегін дегустация жасап жатыр. Артық алып кетпесін деп, аңдып тұрған да ешкім жоқ. Он шəшкі кофе немесе бір құты шарапты бірақ ішіп кетпейтін шығар ешкім енді:) Білесіз бе, сол кезде менің есіме не түсті? Есі ауысқан кісіше өзімнен-өзім мырс еттім. Дəп қазір мына дегустация тұғырының жанына Кенжехан базарынан келген біреу тап болса не болар еді? Ойлағанның өзінен бетім ду ете қалды.

Қайтсек адам боламыз - ай!


Гүлмәрия Барманбекова

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1160    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 28.03.2018, 12:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Сәуір, 09:42
    Байғұс ағылшын-ай!
    3 Сәуір, 19:29
    Бір қала - екі әлем.

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30