Қазақтың қазақтығы да әр нәрсені өз атымен атайтын сұңғылалығында жатса керек
«Қыздан туғанды немере десек бола ма?» деп тағы бықсытып жатыр екен лентада. Туған күнді «туылған күн» деп жазып, кейінгі кезде қазақ баяғыда басын ашып алған, атын атап, түсін түстеп кеткен нәрседен жиі шатасатын болып барамыз. Бұл да біздің дәстүрден, ұлттық тәрбиеден алыстап кеткеніміздің көрінісі шығар.. Бүкіл әлемде қыздан туған баланы немере дей береді. Оларда басқа сөз жоқ. Бізде ғана қызының балаларын «жиен» дейді. Қазақтың қазақтығы да әр нәрсені өз атымен, орнымен атайтын осындай сұңғылалығында жатса керек. Босқа дауласпайықшы, ағайын!
Жолымбет Мәкіш
Фейсбуктегі парақшасынан