Сен тұр - мен айтайын!

Қазақтың тойына да жаңа концепция керек секілді

  • Қазақтың тойына да жаңа концепция керек секілді

    Қазақтың тойына да жаңа концепция керек секілді

Кеше бір туыстың баласы үйленіп, қонаққа шақырды. Қалыңдық пен жігіті екеуін төрге отырғызып қойыпты. Көзіміз үйренген әдет қой. Бір жақсысы – тойлары ішімдіксіз өтті. Көзім қайта-қайта жоғарыға жайғасқан жас жұбайларға түсе берді. Біз әлі орыстан көргенімізді істеп жүр екенбіз. Қазақтың дәстүрінде қалыңдық пен жігіт бөлек отауға барып түседі. Оларды көпшіліктің көз алдына әкеп отырғызып қою - орыстан жұққан әдет. «Горько, горько!» деп, екеуін туған-туыстарының көзінше сүйістіріп қоятыны да, ішіп алғанда ұятты «ұра» салатын ұятсыздардың әдеті. Екеуі бір сағаттай қозғалмай отырды ғой деймін сол жерде. Жаным ашып кетті байқұстарға. Ақсақалдар, құрметті қонақтар мен әке-шешесі олардан төмен отыр. Төрде солар отыруы керек еді ғой негізі. Ал жас жұбайлар мен жастар бөлек отауда, өздерімен өздері оңаша қалатын. Қазақтың тойына да жаңа концепция керек секілді. Не болмаса, дәстүрді жаңғырту керек!


Жолымбет Мәкіш

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1431    Пікірлер: 0

сейсенбі, 28.08.2018, 09:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Желтоқсан, 16:21
    Тәртіп бар еді ол кезде
    17 Қараша, 18:16
    Хиджап туралы нүкте
    11 Қараша, 19:42
    Несіне жылайсыздар?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31