Сен тұр - мен айтайын!

Қазір жастар керісінше бізге жол мен жөнді көрсеткісі келеді

  • Қазір жастар керісінше бізге жол мен жөнді көрсеткісі келеді

    Қазір жастар керісінше бізге жол мен жөнді көрсеткісі келеді

Бүгін бір жас жігітке қатты ашуландым. Алакеуім шақта үйді айнала бергенім сол жағама жармаса түсті. Қарын шығып, жастықтан алыстап бара жатқанымыз болмаса, бала кезде машыққан тәсілдерді ұмыта қоймаппын. Ол да мұндай әрекетті күтпесе керек. Жағамнан қолының қалай ажырап кеткенін сезбей қалды. Есін жиғанда еңіреп келіп, кешірім сұрады. Мен басқаша, артық әрекетке барады деп ойласа керек. Бірақ, біз ондай ақымақтықты білмей өстік қой.

Осы кезде сонау алыста қалған балалық шағым есіме түсті. Ауыл балалары кешке қарай жол торығандардың кім екенін ысқырықтың үнінен танушы едік. Сол үннен ауылдың қай шетінде 68-дер, қай жағында 71-лер, қай тұсында 74- тердің шалқып жүргенін, ал қалқада өзімізден кіші 77, 79-дардың тығылып, темекі шегіп отырғанын біліп, үлкендердің көзіне түсіп қалмау үшін барынша сақтанушы едік. Ал кішкенелер қолға түссе құдайдың бергені қалтасындағы темексін қағып аласың. Сөйтіп жол торып жүріп, өзімізде кейде үлкендердің қолына түсіп қалатынбыз. Ондайда басыңа қара бұлт үйірілді дей бер. Алдымен екі бетің мен құйрығың жазаланды. Сосын жеті қараңғы түнде ауылды кезіп, не іздеп жүргенің жайлы тергеуге алынасың. "Қозы жоқ", "сиыр шешіліп кетіпті"...деген сылтауларды айтасың. Оларда сенің жал тауып тұрғаныңды біледі. қалтаңды ақтарып, бағанағы 77-лерден тартып алған шылымыңды сыпырып алады. Сосын бұны әкемізге айтамыз деп қорқытады. Ол кезде тым намысшыл едік. Әкелеріміздің мұны біліп қалуы өлгенмен тең. Сондықтан ағатайларға айтпауын өтініп, жалына бастайсың. Ақыры бір жарты тауып беріп, құтылуға уәде етуші едік. Ол кезде бүгінгідей дүкен деген толып тұрған жоқ. Енді әке-шешемізбен бір бөлмеде ұйықтайтын 81-лердің тобындағы бауырымызды ысқырып шақырасың. Ол да сенің ысқырығыңның үнінен қолға түсіп қалғаныңды біліп, мәселеңді шешу үшін барын салады. Сөйтіп, үлкендердің талабын орындайсың.

- Жарайсың, азамат екенсің, - деп арқамыздан қаққанда жер-әлемге сыймай кетуші едік. Бұл мақтаудың жазасын көп өтпей әкемізден аламыз. Тағыда көбірек жазаланатын екі бетің болады. Бірақ, қанша тергеуге түссеңде ағалардың кім екенін мүлде айтпайсың. Ол іс ұмыт болғанша бір ай бойы кешке қыдырмай білте шамның түбінде сабаққа дайындаласың. Сосын тағы қайталанады. Өстіп жүріп жаз бен күзді бітіресің.

Қазір ойласам, соның бәрі заң болмаса да, бізді заңсыздыққа жақындатпайтын тежем екен ғой. Өкінішке қарай, қазір жастарға ақыл айтудан қалып барамыз. Керісінше олар бізге жол мен жөнді көрсеткісі келеді. Оның жанында жағаңа жармаса түсу деген жай нәрсе. Жазасын берсең, шошаңдатып сотқасын шұқылап, 102-ні тере бастайды. "Бас жарылса бөрік, қол сынса жең үшін де" деген қазақтың қайран намысы құмға сіңген судай болып, жоғалып бітті. Осындайда әкемнің: "Біз өмірдің ең бір таңғажайып кезінде өмір сүрдік. Ендігі жастар біз сияқты бола алмайды" дегені жиі есіме түседі.  ("Әкем екеуміз").


Кажет Андас

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 520    Пікірлер: 0

жексенбі, 16.12.2018, 19:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қаңтар, 11:53
    Махаббат өлген...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31