Сен тұр - мен айтайын!

Қазір қазақшаның өзін түсіну мұң болып барады

  • Қазір қазақшаның өзін түсіну мұң болып барады

    Қазір қазақшаның өзін түсіну мұң болып барады

 Орыс тілін қазақша өтетін ауылда өстік қой. Бесінші сыныптан шет тілі басталды. Таңдау деген болған жоқ, біз оқитын сегізжылдық мектептегі жалғыз шет тілі маманы неміс тілін бітірген екен, біз де неміс тілін оқыдық. Неміс тілінің бір кереметі – қалай жазылып тұрса, солай оқисың. Әлі күнге дейін "интернатионал" деп оқитыным содан қалған әдет))))) Үш жылда немісшені судырататын болдым, бірақ есімде "айн, свай, драйдан" басқа түк қалмапты.

8-сыныпта гимназияға ауысып, ол жерде ағылшын оқи бастадым. "Қоян" деп жазып, "қасқыр" деп оқитын тілді түсінемін дегенше екі жыл өте шықты. 10-сыныпта басқа мектепке ауыстым. Ол мектебімде жұрт ағылшын тілінен олимпиадаға қатысып жүр екен, содан қайдан шықса одан шықсын деп, француз тіліне бардым. Оны да қатырмағанымды түсініп отырған шығарсыздар)

Орыс тілін "а, я, ь үшеуіне аяқталса – женский род, о, е әріптеріне аяқталса – средний род, қалғанының бәрі мужской род" деген қарапайым ережемен үйрендік. Әлі күнге дейін "пальто" деген сөз көпше түрде қалай оқылатынын білмеймін)))) "Польта" деп оқыла ма, әлде?..

Өзімнің ана тілімді таза білемін ғой деп, соған тәубе етіп жүретін едім. Бірақ, қазір қазақшаның өзін түсіну мұң болып барады. Күнде бір жаңа сөз, күнде бір жаңалық, неше түрлі жалғау... Тілдің заңдылығы деген болатын еді, қазір оны әркім-әркім қалауынша өзгертіп ала беретін болыпты.

Қазіргі орфография бойынша "раҚмет" деп жазған сайын жағым ауырады. Соны жазған адамдар "раҚмет" дегенді қалай айтады екен деп қоямын.


facebook.com парақшасынан 




Көрілген: 1184    Пікірлер: 0

бейсенбі, 01.02.2018, 19:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31