Сен тұр - мен айтайын!

Қазіргі қыздарға қарап, саналы қазақ азаматының жүрегі ауыратын шығар...

  • Қазіргі қыздарға қарап, саналы қазақ азаматының жүрегі ауыратын шығар...

    Қазіргі қыздарға қарап, саналы қазақ азаматының жүрегі ауыратын шығар...

"Қыз бұзылса, шайтан өрмек салады. "Осы постымды жазуға кешегі 8 Наурыз мерекесіндегі жалпы қазақ қыздарының мерекені атап өту емес, маскүнемше тойлау әрекеттері себеп болды. Кім кінәлі? Қазіргі қыздарға қарап, саналы қазақ азаматының жүрегі ауыратын шығар... Себебі қашан болсын, қай жерде болсын, шаштарын жылқының жалындай жайып жібергендер, ұлы қайсы, қызы қайсы айыра алмайтындай етіп киім кигендер, көше толы мас қыздар екені айтпаса да белгілі. Көйлектерінің жағасын омырауларына дейін ашып, беттерін көк-ала, қара-ала етіп бояп алғандары аздай, темекі шегіп, арақ ішіп, басқа тілде міңгірлеп, бір-бірімен жабысып тұрғаны! Осындай намыссыз қыздар қандай жар? қандай ана болар екен??? Өтірік емес, Совет өкіметі кезінде қазақ қызының болмысынан қазақ аруының ғажап келбеті көзге ұрып тұратын, шетінен сұлу, тәрбиелі, шашы өрілген, бүрмелі көйлек киген қазақ қызына барлық ұлт жігіті қызығатын еді. Қазір егде жастағы әйелдің де клуб, ресторан кезіп жүргенін көрген жас қыз қайдан оңсын? Бала зорлау деген атын атауға қорқынышты тәртіпсіздіктердің әдетке айналып жатқандығы да қыздарымыздың балаларын тастап, шешелеріне тәрбиелетіп, өздерінің бала тәрбиесімен айналыспауы. Жалпы, мұндай зорлық-зомбылыққа көбіне детдом балалары көп ұшырайды. Мен оны өзімнің педогогикалық практикамнан білемін. Сондықтан, Отандастарым, отбасында қыз балаға дұрыс тәрбие берейік. Әдепке сай киініп, салиқалы жар болуға дайындайық қыздарымызды, ертең кеш қалатын секілдіміз....

Қазақ қызының бұл күнде заты бар, өзі жоқ болып бара жатыр. Той тойлағанда арақ ішіп, темекі тартқан ба еді Қазақ аруы?!Қараңғыға жарық беріп, жер-жаһанға нұрын шашқан ару-анадан қалған ұрпақ емес пе едік...? Мешітке шалбар киіп барып жүрген әжелер де жетіп артылады.


Amangul Mukashan

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 956    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 19.03.2018, 13:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Қыркүйек, 16:17
    "Я тебя тоже люблю",- деді
    14 Қыркүйек, 12:38
    Бізді тонап отырған кім?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30