Сен тұр - мен айтайын!

Кедейлік, жетіспеушілік белең алғанда ешкім адами қасиеттерді керек қылмайды

  • Кедейлік, жетіспеушілік белең алғанда ешкім адами қасиеттерді керек қылмайды

    Кедейлік, жетіспеушілік белең алғанда ешкім адами қасиеттерді керек қылмайды

...Негізі бар ғой кедейлік, жетіспеушілік белең алғанда адамдар адамгершілік, мейірім, ар-ұят, намыс деп аталатын адами қасиеттерді керек қылмайды, тіпті жұрдай болады екен. Кредитін төлей алмай, баласына сұрағанын бере алмай, тиын санап қалған адамдарға "рухани нәр ал, рухани байы" деп кәнцертке "шақырып" келтіре алмау, спектакльдерге "көтеріп" әкеле алмау заңдылық сияқты. ...Өткенде тегін кәнцертке барыңдар деп арнайы "шақыру билетін" апарып берген таныстарыма "неге келмедіңдер?" десем... "жатыр әне "белетің", керек болса алып кет, "жетісіп" отырғандарға бер, "кәртөп пен қара шайға қарап", жалақыны өлгенде көрген баспанаңды банк қайтарып алып қоймасын деп кредитке беріп отырғанымызды көріп отырсың, кәнсерт немізді алған, ауаша жүрші" деп үйінен "қуып" шыққандай болды. ...Айтыста адамдар аз болды... Кәнцерттерге де жарытып жиналмайды, спектакльдерге де мектептің мұғалімдерін, студенттерді шақырып, "әкелеп-көкелеп", әупірімдеп жүріп жинайтынымыз да құпия емес... Қысқасы... айтайын дегенім жалпы қоғамдағы нашар әлеуметтік жағдай, жетіспеушілік адамдарды рухани азуға әкеліп тірейтін "тығырық" екен. Тығырыққа тірелген ел не азады не дүр сілкініп сананың саңылауынан түскен жарыққа ұмсынып, жарыққа қарай, жақсылыққа қарай қадам жасайды, яғни, "тығырықтан" шығатын жол іздейді, мүмкіндіктер қарастырады. Ал, ізденген, сипалақтап қарманарға қара іздеген адам табады екен!!! Міндетті түрде табады!!!


Гүлжан Мұхамед-Рахым Шөбересі

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 541    Пікірлер: 0

сейсенбі, 08.01.2019, 12:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қаңтар, 11:53
    Махаббат өлген...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31