Сен тұр - мен айтайын!

"Əкел, балаңды бағып берейін!" дейтін ене бар ма?

  • "Əкел, балаңды бағып берейін!" дейтін ене бар ма?

 "Əкел, балаңды бағып берейін!" дейтін ене бар ма? Əй, қайдам...

Мəселен, менің анамның ене болғанына жеті жыл, əже болғанына алты жыл. Інімнің баласын бағуға асықпайды. Сондай барып тұрған қатігез, тас жүрек... дееееп ойлап қалған шығарсыздар. Асықпаңыздар!

Біздің қазақта немересін баққысы келмейтін əже жоқ шығар. Бірақ бəрімізді сорлатып қойған кім? Əлбетте ҮКІМЕТ!

Менің анам мен əкем ауылда тұрады. Пенсияға екі жылдай уақыт қалды. Ұлдарының қолына қалаға көшейін десе, зейнет алдын бұндай жаста жұмысқа ешкім алмайды. Тіпті осыдан екі жыл бұрын көшіп көрді де. Əкем жұмыс тауып, жарты жыл қалада сабақ берді. Анам жұмыс таба алмай, ауылда өз қызметінде қалды. Екеуі де жоғары білімді. Қол қусырып, қарап отырған кездері болған емес. Бірақ не керек бұндай жастағы кісілерге жұмыс жоқ. Содан əкем қартайған шағымызда екеуміз екі бөлек жүреміз бе деп қайтадан ауылға, өзінің 33 жыл сабақ берген мектебіне оралды.

Анам мен əкемді түсінем, дəл зейнетке бір-екі жыл қалғанда олар жұмыссыз қалғысы келмейді, олай болғанда кейін пенсиясы да азайып қалады. Сондықтан амалсыз немерелерінен шалғайда жүр.

Ал Үкімет осындайда қандай "көмек көрсетті"? Естеріңізде деп білем, ЗЕЙНЕТКЕ ШЫҒАТЫН ЖАСТЫ ҰЛҒАЙТТЫ.

Біздің отбасымызда да дəл осы картина. Папамыз бен мамамыз (атам мен енем) Аянымызды осы ертеңнен бастап болса да, өз қарауына алар еді, бірақ ауылдағы жұмыс байлап тұрғаны.

Кешегі қайғылы оқиғадан кейін, шенеуніктер кейбір мəселелерді қолға аламыз деп отыр ғой. Мен нақты екі ұсыныс айтар едім.

1. Аталар мен əжелерді əбден миы су болып, немересін көтеріп жүруге денсаулығы жарамайтын жасқа дейін жұмыста ұстамай, зейнетке ертерек шығарсаңыздар. Əжелер үшін 55 жас, аталар үшін 60 жас.

2. Декреттегі аналарға кем дегенде баласын екі жылға дейін емшектен айырмауға мүмкіндік жасасаңыздар. Яғни, жəрдемақы кем дегенде екі жыл төленгені дұрыс болар еді.

ПыСы. Əже мен ата тəрбиесін көрген бала жаман болмайды. Қазір біз балаларымыздан осы тəрбиені өз қолымызбен алып қойдық. Ширек ғасыр өтпей-ақ оның кемшілігі біліне бастайды. Қателіктерімізді бағалап, түзететін уақыт келді ғой.


 

facebook.com парақшасынан 



Көрілген: 303    Пікірлер: 0

жұма, 08.02.2019, 10:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Ақпан, 10:24
    Біз өзі қызықпыз...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28