Сен тұр - мен айтайын!

Келін енесіне қызындай бола алмайды-ау!

  • Келін енесіне қызындай бола алмайды-ау!

    Келін енесіне қызындай бола алмайды-ау!

Өткенде үйдің төбесіндегі тігістерді жөндету үшін адам жалдағанбыз. Олар істерін тындырды да кетті. Ал еденді кім жуады десеңші?!

Қампиған қарныммен я тізерлеп, я швабрамен жуудан басқа амал жоқ. Бірақ, құдай тілеуін берсін, жолдасым еденге жолатпады.

"Шкафтардың шаңын сүртіп ал, ал еденді өзіме қалдыр",- деп суын бірнеше мәрте ауыстырып, бәрін өзі жуып шықты (мамасы естіп қоймасын, ойбай!)

"Қатынмен жағаласып жүретін бұл ер адамдардың ісі емес" деп біраз нәрсені қолдамайтын жолдасым таң қалдырды, тамсандырды. (оның үстіне мені аяды білем, жақсы көретіні тағы бар дейінші, әйтеуір өз басым қатты риза болдым).

Содан өз анама звондап, аузым-аузыма жұқпай, мақтамаймын ба? Сонда алтын анашым:

"Тфай-тфай деп қой. Байқа ананы-мынаны жасаймын деп жүріп, бір жеріңді ауыртып алма. Үлкен нагрузка түсірме. Жуылмаса, одан әрмен. Өзіңді күт!"- деп бастырмалатып кеткені.

Есіме бірден былтырғы жыл түсті. Шілде айы. Үйге құда келейін деп жатыр. Дәл құда келерде қазақтың жөндеу жұмыстарын жасайтын әдеті бар емес пе? Содааан ауылдағы үйдің ішін қопарып тастап, бәріміз жабылдық. Інімнің келіншегінің аяғы ауыр еді. Шамамен оның мерзімі сол кезде дәл менікіндей болса керек. Бірақ өзі шауып жүр. Еденді де жуып, түсқағазды да жапсырысып дегендей. Біз болсақ, ауыр болып кетпесін деп, "жумай-ақ қойшы, көтермей-ақ қойшы" дейміз ғой.

Сонда анашым:

"Осы біз кезінде екіқабат болып жүріп, бүкіл істі тыңдыра беретін едік. Тоңқандап жүріп, полды да жуғанбыз. Жуа берсін. За то жеңіл босанады",- деп қояды.

"Мама-ау, есіңізде ме осы әңгіме?!" , - деймін ғой. Мамам өз пендешілігін мойындағандай, риза болып күледі.

Төбе шашынан өкшесіне дейін алтынмен жалатылса да, келін енесіне қызындай бола алмайды екен ғой)))

Ал Сіздер қалай ойлайсыздар?

(Фотоның дым қатысы жоқ екенін байқасаңыздар да, байқамағандай бола салыңыздаршы))) 


Фейсбуктегі жеке парақшасынан




Көрілген: 2771    Пікірлер: 0

сейсенбі, 05.06.2018, 08:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Қазан, 11:40
    Мұғалім туралы әзіл
    27 Қыркүйек, 22:40
    Сонда мен чёрт болдым ба?
    16 Қыркүйек, 16:17
    "Я тебя тоже люблю",- деді
    14 Қыркүйек, 12:38
    Бізді тонап отырған кім?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31