Сен тұр - мен айтайын!

Кенесары орыстан емес, өз ішіндегі сатқындықтан жеңілді.

  • Кенесары орыстан емес, өз ішіндегі сатқындықтан жеңілді.

    Кенесары орыстан емес, өз ішіндегі сатқындықтан жеңілді.

 "Кенесарының жеңілетінін білсеңіз, ол соғысқа қатысар ма едіңіз?" деген құйтырқы сұрақ қойыпты. Бабаларымыз жеңілеміз деп емес, жеңеміз деп барып соғысқан. Сосын Кенесары орыстан емес, өз ішіндегі сатқындықтан жеңілді. Егер қаһарман ханды бəрі қолдағанда, орыстар Кенесарыны ешқашан ала алмайтын еді. Оны өздері де мойындаған! Сондықтан олар қазақты іштен ірітіп, сексеуілді бір-біріне ұрып сындыратын саясат жүргізді. Сол постқа біраз адам "бармайтын едім" дегендей жалтарып жауап беріп жатыр екен. Оу, ағайын, олай болса сіздер Кенесарыны сатып кеткендердің сыбайласы болып шықпайсыздар ма?! Одан да Кенесарыдай арыстанды қасық қаның қалғанша қолдап, қан майданда алысып өлгенің артық емес пе! Ғайыпқа араласып, қазақтың арасына сатқындықтың ұрығын себетін осындай дүбəра дүниелерді жарияламайық. Мен өзім ойланбай-ақ, азаттықтың туын көтерген Кенекемнің аламандарына барып қосылатын едім. Білсеңіз, батырлардың жолы да сол. Сатқындар басқа күнде де оны сыртынан сатып кете береді...


facebook.com




Көрілген: 1272    Пікірлер: 1
Пікірлерді оқу (1) preloader

жексенбі, 24.09.2017, 19:52

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30