Сен тұр - мен айтайын!

Керек болса менi кiнәлi етiп қоя алатыны баршамызға белгiлi

  • Керек болса менi кiнәлi етiп қоя алатыны баршамызға белгiлi

    Керек болса менi кiнәлi етiп қоя алатыны баршамызға белгiлi

2018 жылдың 24 желтоқсанында, Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасының жанындағы мекемеаралық тергеу тобы, менiң "Стратегиялық бастамалар форумынан" кейiн, және менiң әлеуметтiк белсендiлiгiм үшiн Альянс Банкiге қатысты ескi қылмыстық iстердi қайта жандандырды. Бұл iстердiң бiрнеше рет тергелгенiне, олардың көптеген баптарының ескергенiне қарамастан тергеу тобы ескi материалдардан жаңа iс құрамақшы. Мен еш бiр iстен күнәм бар деп қорықпаймын. Бiрақ егер керек болса менi кiнәлi етiп қоя алатыны баршамызға белгiлi жағдай.


Альянс банкi және одан несие алған компаниялардың жұмыскерлерiн қайта-қайта шақырып, тергеп мазалауда.


Осыған орай, мен өзiмнiң әлеуметтiк белсендiлiгiмдi күрт қысқартамын.


Бiрiншiден, Тұңғыш Президент саябағындағы "Business lifehacker” тобында бизнес мәселелердi талқылап кеңес беретiн таңғы серуенiмдi тоқтатамын.

Екiншiден, Nomad Explorer ұйымдастыру тобынан шығамын. "Оңтүстiк аңыздары" экспедициясының ұйымдастыру жұмыстарын ұйымдастыру комитетiне тапсырамын.

Үшiншiден, "2-шi жастық" тобынан шығамын.

Төртiншiден, "Қоңыр унитаз" флешмобын тоқтатамын.

Бесiншiден, “Alma museum” мұражайымен "Алмалы жұмақ" қоғамдық қорын жеке балансқа шығарып өзiмнен бөлiп тастаймын.

Алтыншыдан, мемлекеттiк мұғалiмдердi қолдауға арналған "Qalam” қорын жеке балансқа шығарып өзiмнен бөлiп тастаймын.

Жетiншiден, елiмiздiң әжетхана мәселесiн көтерiп талқылауды тоқтатамын.

Сегiзiншiден, жастарға бизнес жөнiнде дәрiс оқығанды тоқтатамын.

Тоғызыншыдан, бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбат бергендi тоқтатамын.

Оныншыдан, белсендiлiк көрсетiп жаңа бастамаларды ұсынуды тоқтатамын.


Мен бұрыңғыдай өз елiме деген сүйiспеншiлiктi сақтап, елiмiздiң дамуына улес қосып өз орнымда қабiлетiмдi аямай адал iстердi алға жүргiзе беруге тырысамын. Құрметпен, Марғұлан.


Марғұлан Сейсембай


Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 465    Пікірлер: 0

бейсенбі, 31.01.2019, 15:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Ақпан, 10:24
    Біз өзі қызықпыз...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28