Сен тұр - мен айтайын!

Кеше қасында жүрген замандас өмірден өткен сәтте "періштеге айналып" шыға келеді

  • Кеше қасында жүрген замандас өмірден өткен сәтте

    Кеше қасында жүрген замандас өмірден өткен сәтте "періштеге айналып" шыға келеді

Өз басыма әр нәрсеге, тіптен, фильм көруге де психологиялық дайындық керектігіне көзім жете түсуде. Бүгінде кез-келген жаңалық болсын, фильм болсын көруге асықпайтын болғам. Бәлкім, жастың ұлғайғанынан ба екен? Түріктің "Сұлтан Сүлеймен" фильмін кезінде көрмегенмін. Биыл шаршағанды сейілтпекке кино іздеп отырғанымда осы фильмге тап боп, он сериясына дейін көруге ғана шыдамым жетіп, жауып тастағанмын. Падишахтың назарында болуға жанталасқан гаремдегі қатындардың интригасынан жүрегім айныды. Ютубтан нәубат жылғы дерекфильмді іздеп отырып, сұлтан Сүлеймен жайлы қызықты тарихи бейнедеректемеге тап болдым. Ең алғаш Сүлеймен патша жайлы ағылшын әйелдің әдеби кітабын сонау 2000-ші жылдары оқыған болатынмын. Қызығып бірәз зерттеме бастап, қол босамай тастап кеткен едім. Үш ұлын көз алдында өлтірткенін оқып, ұйықтап жатқан әкесін бауыздаған Барақ сұлтандардың қатыгездігі барлық билікке тән екендігіне көзім жетумен шектелген. Ютуб көз алдыма Сүлеймен фильмін көлденең тарта бергенінде бір мән болар деп, сабырмен фильмді толық көре бастадым. Сарайдың қанжоса интригасынан сүйіндірген сахналар - Сүлеймен падишахтың қазына байлығына қатал һәм әділ қарағаны. Өз әулетінің бейпіл қолдануына жол берместен, қатал қадағалап, қажет жерінде аяусыз жазалап отырғаны! Ұлт қаймағын бұзбаған қатал да болса әділ шешімдеріне таң қаласың?! Күллі Европаның тізесін бүктіріп, қаһарынан бесіктегі бала уанғандығымен, түрік жерін кеңейтуімен қоса - теңізде әмірін жүргізуімен "Великолепный" аталғаны текке еместігін көріп, таңдай қағып қоям. Әрине, эстетикалық тұрғыны басты мақсат тұтқандықтан, әйелдерінің кеудесі тым ойылған костюмдері мен тіршілік тұтынымында тарихи дәлдікпен сәйкестіктен алшақтықты көресің. Бірақ, біздің тарихи кинолардағы жүйкеңе тиетін олпы-солпы костюмдерден гөрі, көз тартарлық сәнді тігілген костюмдер легінің эстетикалық қадамын құп көрдім. Фильмнің Сүлейменнің пендешілігін көрсете отырып, мемлекет қазынасына қатал қараған адалдығын ақтап алынғанына, Европаны мойындатқан тұлғаға тәнті болдым! Сүлейменді орындаушы актер Халит Эргечтің ойыны қандай ғажап?! Бейбарысты ғажап ойнаған Жантуриннен кейін тілмен емес - көзіндегі қасырет пен терең ойды ойната білгенді түрік актерінен көрдім. Теңізден тұңғиық, сыр мен мұңға толы көздерін ғажап ойнатқанын айтып жеткізе алмаймын. Пендешілік сәттерін де ашық көрсеткен. Бізде; "Өлген жайлы жаман айтуға, фильм түсіруге, көркем шығарма жазуға болмайды" деген жәрөкілену жылдан-жылға өршіп, тіптен, кеше ғана қасында жүрген белгілі замандас өмірден өткен сәтте "періштеге айналып" шыға келеді. Солай етуді талап етумен, шындықпен қалам түртер жастарды өшіріп тастадық. Жастарды жәдігөйлік пен екіжүзділікке тәрбиелеп, у-лап қойдық. Саяси топтағы саусақпен санарлық "беттер", алмакезек орын ауыстырғанымен, бір шеңберден кетпейді. Креслосы қозғалмайтын мемлекетте түбегейлі өзгеріс қайдан болсын? Әдебиет әлеміне көз салсаң, бірнеше шеңберге піспеленген шөкімдей қаламгерлерді көресің. Қандай да бір марапат, айтулы сапарда тек сол шеңбердегі топ, жігін бұзбай жүргені. Бұны да енді байқадым. Уақыты енді туса керек)) Қараменде бидің;"Ауыздан шыққан сөз, желге айналған заман..." дегені бүгінімізге дөп сияқты.


Сая Қасымбек

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1053    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 19.12.2018, 10:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Ақпан, 10:24
    Біз өзі қызықпыз...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28