Сен тұр - мен айтайын!

Кейбір адамдар әлі де ХІХ ғасырда өмір сүріп жатқан сияқты көрінеді

  • Кейбір адамдар әлі де ХІХ ғасырда өмір сүріп жатқан сияқты көрінеді

    Кейбір адамдар әлі де ХІХ ғасырда өмір сүріп жатқан сияқты көрінеді

Кейбір адамдар әлі де ХІХ ғасырда өмір сүріп жатқан сияқты көрінеді. Немесе ата-әжесінің құлағына құйып қойған сөзін сөйлей ме... Әсіресе кішкентай балалардың тәрбиесіне, олардың тағамына қатысты дүниенің бәрінде "Өзіміз осыны жеп өскенбіз, өлген жоқпыз", "Өзім 5-7-10" баламды осылай емдегем/тамақтандырғам/жатқызғам, бәрі өсті ғой, түк болған жоқ". Әрине, ол кезде мүмкіндік болған жоқ, былайша айтқанда "выжывали как могли", енді заман басқа ғой. Ғылым әлдеқайда дамып кетті, көп нәрсенің зиян екені, зиян болмаса да ұсынылмайтынын айтады, жазады. Бірақ баяғы жартас - сол жартас. Жап-жас қыз-келіншектер осындай әңгіме айтып тұрғанда тіпті таң қаласың. Қолыңнан сотка түспейді, тым құрығанда оқысаңшы, білсеңші...

Біреу кеңес айтса да, білімімен бөлісіп тренинг өткізсе де, жақтырмаймыз. НЛП турасында қазір көптеген ашылулар жасалып жатыр, адам миының шексіздігі, оның мүмкіндіктері жайлы жаңалықтар шығып жатыр. Ешкімді тыңдағымыз келмейді, өз ақылымыз асып-тасып жатқандай. "Тренингсіз де өстік қой, өмір сүрдік қой, бла бла". Неге көп адам өзіне тым сенімді болады екен? Әрине, әр нәрсенің екі ұшы бар. Тренингтен-тренингке шапқылап, сектаға кіріп кетіп, отбасын ұмыту деген дұрыс емес, бірақ дегенмен кім, не айтып жатыр, менің бір білмейтін тұсым бар ма екен, бәлкім маған пайдалы болатын бірдеңе айтар ма екен деп құлақ түру артық етпейді деп ойлаймын.

"Если звезды зажигают, значит это кому-то нужно" деп айтқан ғой Маяковский.


Anarka Must

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 674    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 07.02.2018, 11:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қаңтар, 13:04
    Ұлтқа қарсы пост
    13 Қаңтар, 10:06
    ...Әйелім қуып кетті?!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28