Сен тұр - мен айтайын!

Кейбір аналардың кесірінен көп жағдайда отбасы ажырасып жатады

  • Кейбір аналардың кесірінен көп жағдайда отбасы ажырасып жатады

    Кейбір аналардың кесірінен көп жағдайда отбасы ажырасып жатады

Қазір көп аналар күйеуге шыққан қызы кішкене бір отбасылық қиыншылықтарға төзбей үйіне келсе: ішіме сыйған қыз сыртыма да сыяды деген сөзді көп айтады. Мен осы сөздерді жиі естимін. Сондай кейбір аналардың кесірінен көп жағдайда отбасы ажырасып жатады. Бірақ қызының ажырасып келгендігін кейбір аналар дәреже көретін секілді. Еркек құрып қалған жоқ, біріншісі болмаса екіншісі бар деген әңгімені де айтатындар бар.

Мен отанасы жоқ үйге келін болып түстім. Енем мен келін болып түсетін жылы өмірден өтті. Көктен іздегенім Оралдан табылып айтқанына көніп, дегеніне сеніп жүре беріппін ғой артынан ілесіп. Қайдан білейін үйдегі еркеліктің бәрі қалып, келін болған соң тамақ әзірлеп, кір жуатынымды. Бір күні келін болып келгеніме 1 ай болғаннан кейін анам телефон соқты. Жағдайымды сұрады. Қыздары қашып кеткен соң оларға да келген жерім қандай екендігі уайым ғой. Оның үстіне енем жоқ.

Өзің таңдадың, өзің сүйдің енді не болса да көнесің. Оттыда жағасың, суды да тасисың, кірін де жуасың, тамағын да әзірлейсің. Еркелігіңнің бәрі Аққалада қалды,- деді анам. Ой оның бәрі "чики-чики" ғой деп қоям мен. Папаңның үстіндегі киімдерін де таза ұста. Үнемі жуып, үтіктеп жүр. Нәскилері жыртық болмасын. Келіні қарамайды екен деген атаққа қалып жүрме деп қояды. Ой киімдері таза ғой. Ол кісі киімдерін өзі жуып алады, мен тек үтіктеп беремін деп айтып басым бәлеге қалып, өзімнің тілімнен "авария" болдым да қалдым. Мә анамның ана сөздерді естуі мұң екен телефонның арғы жағынан жеп қоюға шақ қалды. Қасымда тұрса точно таяқ жейтін едім. Немене папаңның киімдерін жусаң қолың түсіп қалама, екіншіде мұндай әңгімеңді естімейтін болайын. Ер адам кір жуа алушы ма еді. Баласын сүйіп тиген екенсің олда сенің Әкең, ол кісіні де Әкеңдей көр. Іш киіміне дейін жу. Қолыңа жұқпайды деп басыма нәәән балтамен тоқ еткізді ғой. Ұрсып-ұрсып бірталай сөз айтты. Сол сөздерінен кейін ол кісінің де киімдерін де жуатын болдым. Бәрін. Менің киімдерін жуып, үтіктеп, шифонерге бүктеп салып кеткеніме жаман үйренгені соншалық киімдерін таба алмай жатса Атырауға телефон соғады қайда тұр деп.  Анамның сол сөздерінен кейін мен нағыз келін болуға тырыстым. Ата-анам менің үйде қолымның ұшын тигізбеген жұмысты келін болғалы жасап жүргенімді біледі. Сонда да болса бұрын олардың бірін жасамап едің, неғыласың, аяғыңа оратылып жатқан балаң жоқ үйге қайт деп айтып көрген емес. Керісінше Ержанға көмектес,қолыңа жұғып қалмайды деп айтып отырады. Ата-анамның да арқасы болар 10 жылдан бері Ержанның тұщы етіме ащы таяғы тимей, қызғаныш деген қызыл иттен бәленбай км алыс жүріп, үнемі сыйластықта өмір сүріп келе жатқанымыз. Керісінше жоғарыдағыдай сөздерді айтып үнемі кері тартып отырса қазір қайда болар едім кім білсін

Ал сіздіңше ата-ананың "ішіме сыйған бала сыртыма да сыяды",-деп айтуы дұрыс па?


Жазира Аскар

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1481    Пікірлер: 0

жексенбі, 01.04.2018, 19:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Сәуір, 09:42
    Байғұс ағылшын-ай!
    3 Сәуір, 19:29
    Бір қала - екі әлем.

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30