Кейбіреулердің "Махаббат деген қыртқан нәрсе" деп жүргендері рас па?
Бүгінгі бойдақ жігіттерден неліктен бойдақ екенін сұрасаң "Лайықты қыз жоқ" деген жауап естисің..
Басы бос қыздардың әңгімесі де сол төңіректе, тіпті одан да сорақы "Жігіттер ұсақталып кеткен", т.с.с. жауаптар..
Меніңше, осыған кінәлі 1970 жылы экранға шыққан "Қыз Жібек" фильмі..
Барлық жігітке сұлу, ақылды, әрі байдың қызы Жібек идеал..
Барлық қызға Төлеген секілді сұлу да сымбатты, әрі байдың баласы керек..
Кейбіреулер кеңестік идеология мықты еді деп жатады.
"Қыз Жібек" фильмі идеологиялық тұрғыда КСРО-ң символы деуге боларлық В.Мухинаның "Колхозшы қыз бен жұмысшы" атты мүсінінен басым түсіпті..
Осы фильмде басты рольдерді Құман Тастанбеков ағамыз бен Меруерт Өтекешова апамыздан өзге біреулер сомдағанда жағдай басқашалау болар ма еді...
Әлде кейбіреулердің "Махаббат деген қыртқан нәрсе" деп жүргендері рас па?
Өмір Шыныбекұлы
Фейсбуктегі парақшасынан