Сен тұр - мен айтайын!

Қиырдағы қазақтар елге қайтса ғой деген арман іште бұлқынады да тұрады

  • Қиырдағы қазақтар елге қайтса ғой деген арман іште бұлқынады да тұрады

    Қиырдағы қазақтар елге қайтса ғой деген арман іште бұлқынады да тұрады

Қиырдағы қазақтар:


Өмір деген қызық қой. Әлденені әлдеқандай етіп суреттеуге машықталған болмыс бар. Несін жасырайын. Бүгін бір жайт есіме түсіп отыр. Осыдан шамасы екі жыл бұрын Әрсен есімді жігітпен таныстық. Бір ортада үстел басында кездескенбіз. Тілі орысшаға әбден жатық... Бірақ болмысы сонша жақын...


Ұзақ әңгімелестік. Себеп біреу. Әлгі бауырым Ресейдің азаматы екен. Омбыда дүниеге келген. Сөз арасында Омбының тұрмысы, экономикасы, әлеуметі туралы түрлі сұрақтар қойып отырмын. "Қазақтар, қазақтар ше? Тұрмысы қалай? Ұлттық танымы дұрыс па? Ешкім бөлектемейді ме?",- деген сыңайда сұрақтарты қарша бораттым.


Былайша туған жері, кешірерсіз отаны туралы бір ауыз жаман сөз айтпады... Жап-жақсы сіңісіп кеткен сияқты. "Елге қайтқыларың келмей ме?",- дедім бір кезде...


...Әке-шешесі соны қатты қалайды екен. Ең қызығы жарты туыстары Қазақстанда. Уақыт сайын келіп тұрады дейді. Қайтқысы келеді. Аялу Алматы, жауһар Астана олардың да түсіне енеді. Бірақ елге қайтуға екі барьер бар-мыс. Біріншісі - тіл. Көңілдің маңғаздығы емес өмірдің салдарынан қазақ тілін меңгермегенін айтып күйінеді. "Мұнда келсек тіліміз дұрысталмай бізге жұмыс қайда?",- деді бір кезде. Екіншісі - әлеумет. Ең қызығы ол жақтағы қазақтардың көбі ауқатты келеді екен. Қанша дегенмен малдың маңынан жүріп, даланың сырын ұғына алмайтын көршілес елге бауырларымыз мастер-класс көрсетсе керек. Шаруашылық мықты дамыған. Оның үстінен болмысынан ақылы артық тұратын қазақтар ол жақта өте жақсы қызметтерді тізгіндеп алғанға ұқсайды.


Айтылғаны бір бөлек, жеткізгені бір басқа. Қанша дегенмен сол Әрсеннің бойынан ғұмыры тарқап көрмеген бір сағынышты аңғару қиынға соқпады. Өзінің айтуынша да Қазақстанға келген сайын тыныс алуы жақсарады екен. Мауқы басылады ғой. Соны өзі сезбейтін де сияқты. Бір кездері бұл туралы жазғым-ақ келген. Алайда әне-міне дегенше реті тоғыспады.


Уақыт жүйрік қой. Соңынан ілесемін деп жүріп бұл туралы ұмытып та кетіппін. Енді міне күні кеше Қазақстан тарихы жобасы ұсынған "қиырдағы қазақтар" деген деректі фильмге көзім түсіп қалды. Шіркін бұлар елге қайтса ғой деген жалғыз арман іште бұлқынады да тұрады. Елің бар, үйің осында, төрімізді ұсынамыз... Тілді өзің білмесең кешірімді, ұрпағыңды үйретсең болғаны... Дәл осылай ұрандап, ашық құшақпен шақырып алса ғой соларды... 


Аян Мейраш

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 663    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 10.10.2018, 09:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Желтоқсан, 16:21
    Тәртіп бар еді ол кезде
    17 Қараша, 18:16
    Хиджап туралы нүкте
    11 Қараша, 19:42
    Несіне жылайсыздар?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31