Сен тұр - мен айтайын!

Кəкір-шүкір видеолармен "сүйіншілей" бергенше, өз балаңызға қарап қойыңыз

  • Кəкір-шүкір видеолармен

    Кəкір-шүкір видеолармен "сүйіншілей" бергенше, өз балаңызға қарап қойыңыз

 Соңғы кезде "бала еркін өсу керек" деген сөзді əсірелеушілер көбейіп кетті. "Балаға өз пікіріңді таңуға болмайды". Осы сөздерден қорқайын дедім. Иə, бала еркін өсу керек. Бірақ ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін ата-анасы айтып тұрмаса не болады? Бүгін көршілердің чатынан сорақы видео келді. 9-10 шамасындағы екі қыздың қылығын көргенде шошып кеттім. Айтуға ауыз бармайды, қысқасы. Бұл неден, қайдан шықты? Бəріне кінəлі ең əуелі ата-ана. Ата-аналар баланың алдындағы жауапкершілікті дұрыс түсінбейді. Телефоны болса, киімі болса, тамағы тоқ болса болды деп ойлайды. Он жылдан бері балалар басылымында істеймін. Түйгенім, баланы емес əуелі ата-ана тəрбиелеу керек екен. Бала ата-ана көңіл бөлмегесін басқа жақтың өзіне назар аударғанын қалайды. Сөйтіп тв мен интернеттен көргенін істейді. Осындағы көбіңіздің балаңыз бар. Олардың неге қызығатынына бір сəт көңіл бөліп қойсаңыздар екен. Баланың бəрі өмірге келгенде бір нəрсеге болса да қабілетті болады. Қабілетті ашу ата-ананың міндеті. Жұрттың өмірін талқылауды емес, ұрпағының дұрыс тəрбие алуына көңіл бөлсе абзал болар еді. Сонда мұндай тəрбиесіз балалар болмас еді. Балаңыз оқысын десеңіз, өзіңіз де баланың көзінше кітап, газет-журнал оқыңыз. Бала көргенін істейді. Егер сіз телефонға үңіліп түрлі видеоларды көретін болсаңыз, балаңыз да сондай видео көреді. Бала өзіңіздің көшірмеңіз екенін ұмытпаңызшы. Балаларыңыздың немен айналысатынын, неге қызығатынынын зерттеп көріңізші... Бетімен кеткен баланың соңында қандай болатынын күнделікті айналаңыздан көріп жүрсіз. Кəкір-шүкір видеолармен елдің телефонын толтырып, "сүйіншілей" бергенше, өз балаңызға қарап қойыңыз. Біреу туралы айту қашанда оңай...




Көрілген: 678    Пікірлер: 0

бейсенбі, 29.03.2018, 08:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Сәуір, 09:42
    Байғұс ағылшын-ай!
    3 Сәуір, 19:29
    Бір қала - екі әлем.

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30