Сен тұр - мен айтайын!

Қоғамды өз мақсатына қызмет еткізу үшін кино таптырмас насихат құралы

  • Қоғамды өз мақсатына қызмет еткізу үшін кино таптырмас насихат құралы

    Қоғамды өз мақсатына қызмет еткізу үшін кино таптырмас насихат құралы

"Өнердің ішінде біз үшін ең маңыздысы кино" дегенді В.Ленин бекер айтқан жоқ..


Сыни көзқарасы қалыптаспаған қоғамды өз мақсатына қызмет еткізу үшін кино таптырмас насихат құралы..


Мысалы үшін, ауылдағы менің ағаларым Украина - Ресей текетіресі басталғалы - айдаладағы украиндерді жек көреді. Әрине, бұл Ресейлік телеарналардың арқасы..

Арқасы емес-ау, біздің елдегі жеңісі..


Кейінгі кездері Ресейлік телеарналар ОГПУ-НКВД-МГБ секілді кеңестік арнайы құрылымдарда қызмет еткен әйелдер туралы сериалдар түсіре бастады.

Фильмдердің фабуласы - "Отан үшін жеке бастың мүддесін ұмыту", "Мемлекеттік террорды" (қатардағы оперативтік қызметкердің оқиға орнында күдіктіні сотсыз атып тастай салуы) ақтау..

Мұның астарында не жатқанын шамалауға болады..

Бұл солтүстік көршіміз..


Ал Қытайлар не істеп жатыр?

Теледидарды сирек көргендіктен оны білмейді екенмін.

Ең қызығып көрген сериалдарым - осыдан оншақты жыл бұрын біздің телеэкрандарымызда жүрген "Шыңғыс хан" (Қытай) мен "Ва-банк" (Корея Республикасы)..

Екіншісінде Кореядағы протестанттық шіркеулер астыртын жарнамаланады..

Ал қытайлар түсірген "Шыңғысхан" телехикаясында "басты" рольде киноның өн бойында ең бір шешуші оқиғалар алдында қандай әрекет жасау керектігін Шыңғыс ханның құлағына "сыбырлап" кететін Ханның кеңесшілері - селдір сақал қытай кеңесшілер..


Менің осы сөздерімді теріске шығаратын кино немесе идеология маманы табылса қуанар едім..


Қазір біздің теледидарлар не көрсетіп жатыр?


Өмір Шыныбекұлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 327    Пікірлер: 0

бейсенбі, 08.11.2018, 12:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қараша, 18:16
    Хиджап туралы нүкте
    11 Қараша, 19:42
    Несіне жылайсыздар?
    28 Қазан, 19:35
    VIP-АЖАЛ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30