Сен тұр - мен айтайын!

Қоғамдық көліктердің жүргізушілері адам өміріне атүсті қарайды

  • Қоғамдық көліктердің жүргізушілері адам өміріне атүсті қарайды

    Қоғамдық көліктердің жүргізушілері адам өміріне атүсті қарайды

Кейбір қоғамдық көліктердің адамдарды толтырып мінгізіп алғанын көріп, автобус не ГАЗельдерін созылмалы резеңке ме деп қаласың. Құдай ау бұл адам да ынсап деген болсашы. Шетінен ақшаға құнығып кеткендей түге.

Тоқтамайтын жерден тоқтап, өзі толып бара жатқан көлікке қосымша адам мінгізіп алады. Онысымен қоймай, іштегілерге "жылжыңдар"- деп айқайлайтынын қайтерсің?

О байғұстар қайда жылжысын? Бірінің үстіне бірі мінгесіп, біреуінің арты, біреуінің басы сығылысып терезеге жабысып қалады. (Сырттан қараған адамға тым ыңғайсыз) Сонда да халық момын-ей. "Қыңқ"- деген үні шықпайды ғой. Баратын жеріме тезірек жетсем болды дейтін шығар. Негізі бұлай адамдарды толтырып алу дұрыс емес қой. Өткенде бір қоғамдық көлікте адамдардың көптігінен бір əжейдің қан қысымы көтеріліп құлап қалыпты. Оның үстіне күннің аптаған ыстығында неше түрлі иіске төтеп беру оңай ма? Жуынатыны бар, жуынбайтыны бар, неше түрлі иіс су себетіні бар. Барлығы қосылған кезде улы газың ерунда болып қалады. Сау адамның өзі ондай иістен аман шықпасы анық.

Кондукторларына айтсаң:

- Енді қол көтеріп тұрған адамды далада қалдырайын ба- деп ақталған болады. Ол оның далада қалған адамға алаңдап емес, ақшасы үшін өліп бара жатқаны айдан анық. Онысымен қоймай бір бағытта жүретін өзге де қоғамдық көліктермен жарысатыны бар. Тура бір мал артып келе жатқандай адам өміріне ат үсті қарайды. Бұлардың тағы бір жаман жері, көбісі оқушыларды мінгізбейді екен. Мінген күнде де, зіркілдеп жүріп алдын ала жолақысын қағып алады. Ақша төлемегенді оп-оңай жолдан түсіріп кете салады.

Ее де, мен аузым талып айтқанымен бұл мəселе бүгін ертең түзелмейтін сияқты. Тыңдар құлақ болса бəлки бір нəтижесі бола жатар.

Мыналардың ниетіне қарап, алдағы уақытта созылмалы резеңке автобустар шығаруды қолға алу керек сияқты. ОҒАН дейін өзім 11-ші трамвайыммен жүре тұрам. Алла екі аяққа қуат берсін.


Салтанат Абылбекова

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 501    Пікірлер: 0

бейсенбі, 12.07.2018, 11:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Қыркүйек, 16:17
    "Я тебя тоже люблю",- деді
    14 Қыркүйек, 12:38
    Бізді тонап отырған кім?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30