"Қолдыкі" дегенің кəдімгі бренд болды
"Қолдыкі.."
Қазір азық-түлік сататын супер я гипермаркетке кіре қалсаң, бəрі бар.
Бірақ, жұрт "қолдың сүтін", "қолдың айранын", "қолдың картөшкесін" іздеп жүреді.Қонақта отырсаң:
-Мынадан алып отырыңдар, "қолдыкі" дегенді қосып қояды.
Біз де кейінгі кезде сол "қолдан" шыққанды іздеп, сенбі сайын ауылдағы ағайынның жəрмеңкесіне асығамыз.
Былайша айтсақ, "қолдыкі" дегенің кəдімгі бренд болды.
Таксист болса да қалаға көшкенді жөн көрген қазақ қазір қорадағы малына, бақшадағы барына зар.Ет алайын десе, алдыңдағы сиырды басынан ұрып тындырды ма, жоқ əлде, кəлимасын айтып, кеңірдегінен бауыздалды ма, білмейсің.Əйтеу, анығын Аллаға тапсырып ала беретін болдық.Кешегі өзің жемдеп, ауырса өзің емдеп, баққан малың болмағасын, біреудің саудасына көнесің.
Əуелде қаныңа барып, мінезіңе əсер етер ауыздағы астың адалдығына баса мəн берген кешегі ел бүгін некен саяқ...
"Əйтеу, аш болмасақтың" қамы ғана...
facebook.com парақшасынан