Сен тұр - мен айтайын!

Көлгірсуге көлгірсумен жауап беруді шебер меңгеріп алғанбыз

  • Көлгірсуге көлгірсумен жауап беруді шебер меңгеріп алғанбыз

    Көлгірсуге көлгірсумен жауап беруді шебер меңгеріп алғанбыз

Журналист күнделігі - 2


Қоғамда айқайшыларды мығым да білімді деп санау қалыптасқан. Қарапайым көрінетіндердің тегеуіріні мықты екенін жайырақ біліп жатамыз. Ескере жүрейік, əлеуметтік желілер ар жағында да жақсы адамдар жүр. Үнсіздік келісім белгісі емес!


***

Көбіне, қарапайым болмысыммен қалатыным ұнайды. Тіпті менсінбей қарайтындарды іштей сезем. Тіпті жақсы. Маған адамдардың шынайы көзқарасын, пікірін білгенді қош көрем. Дегенмен жадағайлық та жақсы емес. Өзін мығым, тəкаппар ұстайтындар бар. Олар əр күн үшін күресуге қауқарлы.


***

Ашу-ыза - бөтелкедегі тығынның атылуы. Ең соңғы амал. Дəрменсіздік. Ызаға жиі шырмала жүріп, осыны түсіндім. Ақымақтықтың шегі - қарадүрсін күшпен доқ көрсету, тістену ғана. Тізең жерге тигенге мойымасаң, тағдыр түрлі есікті ашып қоятынын кеш түсініп жатамын. Ал тіземді бүкпей өттім деу - нағыз ақымақтық.


***

Өткен шақтың кей штрихтары маза бермейді. Түйсік сол арқылы Хас Тəңірдің бекерге белгі бермейтінін түсіндіріп бағады. Жадыңда қалған сауал жылдарды артқа салып барып, шешімін табады. Мен оқыған универде жанашыр ұстаздар ақыл-кеңесін санаға құйып жататын. Сондай жанның бірінің "Азамат болу қаһарман болу емес. Отбасыңды қамқорлап, қоғамға пайдалы қызмет ету де - зор үлес" тақілеттес пікірін кейін, мүмкін, сан мəрте естіген шығармын. Оған дейін ұстазға да бұл кеңес бірнеше рет айтылған болуы мүмкін. Бірақ сол сөз санама бекітілді. Авторы да - сол кісі мен үшін. Есесіне, құлағыма жаңғырып естілген сайын, уақыт өте құны артуда.


***

Көлгірсуді бірден сеземіз. Тіпті иттің етінен жек көреміз. Сөйте тұра, көлгірсуге көлгірсумен жауап беруді шебер меңгеріп алғанбыз.


***

Əлі күнге аяқ киімімді сүртіп, маңдайымнан сипауды қор санамайды. Ол - Анамның АЛАҚАНы. Əйелім де солай істейді. Бірақ ол да АНА болмысын сезінген соң ғана ІЛТИПАТпен қызмет ете бастады.


***

Бозбала шағым еді. Нағашым іңірде қораға шөп түсіре бастады. Мама қанша ескертсе де, шығуға еріндім. Жатып-жатып, сыртқа беттегенімде қатулана сөйлеген нағашы əжем жақ-шекемнен салып кеп жіберді. Дуылдаған бет емес, өкініш өзекті өртеді. Сол кездегі қатулы алақан кейін жадырап, шашымнан сипап, арқамнан қағуды ұмытқан емес. Бірақ əлі күнге бетім дуылдап тұр.


***

Есейгесін, желкеңнен нұқып, жер-жебіріңе жететін үлкендер азаюда. Олардікі жанашырлық екен. Қазір өзімді өзім қамшылаудамын. Өмірдің ащы сабақтары басталғалы қашан!?.


***

Сайттардағы сары жағал тақырыптар көзге ұрып, оқылымды көп тартса, қоғамның сұранысы, индикаторы сол. Сыни пайымға емес, ұрандатып жазуға жауап қатуға ғана құлықты көрінеді билік.


Нұртай Текебаев

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 578    Пікірлер: 0

жұма, 07.09.2018, 09:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Қазан, 11:40
    Мұғалім туралы әзіл
    27 Қыркүйек, 22:40
    Сонда мен чёрт болдым ба?
    16 Қыркүйек, 16:17
    "Я тебя тоже люблю",- деді
    14 Қыркүйек, 12:38
    Бізді тонап отырған кім?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31