Сен тұр - мен айтайын!

Комсомол күнін тойлап жатыр дейді. Жоқ, олай емес! Жəй көңіл жұбату ғой

  • Комсомол күнін тойлап жатыр дейді. Жоқ, олай емес! Жəй көңіл жұбату ғой

    Комсомол күнін тойлап жатыр дейді. Жоқ, олай емес! Жəй көңіл жұбату ғой

Пионер, комсомол болдық. Ол да тарих.

Мен үшін ол кезең - жақсы күндер. Бірінші - мектептегі білім беру жүйесі сауатты əрі жүйелі болды. " Оқы, оқы жəне оқы" деген сөз мыйымызға сіңірілді. Жақсы оқымаған оқушы пионерге өтпейтін. Яғни бұл стимул еді. Сол кезеңдегі ұстаздардың көбі еркектер болды. Содан болар ұл балалардың мінезінде өрлік бар еді.

Екіншіден - бізде идея мен патриотизм бар еді. Болашаққа сендік.

"Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын"- деген девиз бізді дос болуға үйретті. Жəне біз романтик болдық. Жұлдыз санап, арман қуып жүретінбіз.

Жақсы кітаптар оқыдық, жақсы кейіпкерлерден үлгі алдық. Расында сол кезеңдегі бар жақсылыққа ұмтылып жүруші едік.

Үшіншіден - біз тимуровшылар болдық. Қарт-қарияларға, əлсіздерге, жарымжандарға көмек көрсетіп, үлкендердің сөзін тыңдап өстік.

Төртіншіден - комсомол ұйымы бізді біріктірді. Тəртіпті, белсенді , еңбекқор,ізденгіш, принципшіл болып өстік.

Бесіншіден - сол кезеңде біздер үшін ең бастысы - адалдық еді. Сөзімізге де, ісімізге де адал болуды қатқан заңдай қабылдадық.

Заман өзгерді. Біздер мүлдем бөлек, жат əлемге тап болдық. Коммерция мен рейдер заманы. Бандиттер базар ашқан заман. Пысықтар мен нахалдар ел билеген заман.

Тыпырлап қалдық. Бар құндылық қирады. Өзімізді əлсіз, дəрменсіз, керексіз сезіндік. Идея өлді.

Содан болар сол кездері менің қатарластарымның көбісі қырыққа да, елуге де жетпей жоқ болды.

Содан болар қазір əдемі қартайған қария да қалмады. Содан болар кешегі ақ арман қуғандардың көбі арақ ішіп қырылды...

Содан болар кешегі комсомолдар, бүгінгі шал-кемпірлер қоғамға керек емес. Олар бүгінгі жастарға ақыл айтатын авторитет те емес !

Комсомол күнін тойлап жатыр дейді.

Жоқ, олай емес ! тойлайтын не қалды ?

Жəй көңіл жұбату ғой.

Комсомол болғандар өткенді еске алғысы келді. Өйткені ол - біздің балалығымыз, жастық шағымыз...

Мына заманда тұрақтылық жоқ. Сəт сайын мың құбылып тұр. Кешегі батыр, бүгін қарақшы...

Өткеннің бəрін қирата бермеңіздер !

Нет будущего без прошлого...

Время собирать камни...


Айгүл Асылбекова-Нөкербаева

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 461    Пікірлер: 0

сейсенбі, 23.10.2018, 12:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қараша, 18:16
    Хиджап туралы нүкте
    11 Қараша, 19:42
    Несіне жылайсыздар?
    28 Қазан, 19:35
    VIP-АЖАЛ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30