Сен тұр - мен айтайын!

Қонақ жігіт автоматтың оғындай "тыт-тыт- тыт" деп дамылсыз жіберді-ай дейсің

  • Қонақ жігіт автоматтың оғындай

    Қонақ жігіт автоматтың оғындай "тыт-тыт- тыт" деп дамылсыз жіберді-ай дейсің

Үш қыз құрбы едік. Бір бөлмелі пәтер жалдаймыз. Бірі қаны аздықтан қауызын енді ашқан әппақ гүлдей, болса, бірі енді пісіп жетілгелі тұрған бүлдірген дерсің. Екеуі де үріп ауызға салардай табиғи сұлу. Екі ақ гүлдің ортасына байқаусызда түсіп қалған шапырашты сияқтанып, шашырап, жүрген жерімді шаңға көміп, күлкіге қалып мен жүрем. Көрікті құрбыларымды көріп, сымбатты екі досымның есі кетті. Әлі жүзіне самал тимеген құрбыларымды жігіттермен таныстырдым. Байқаймын қыздар кет әрі емес. 8-ші наурыз мерекесі де келіп жетті. Студент жігіттер сый сияпатымен есік қақты. Оған қоса мені де әлдекіммен таныстырмақ ниетте үшінші жігітті ерте келіпті. Жігіттер көтере келген азық түлікпен көмкерілген студенттік дастархан әп сәтте жайнап кетті. Тост айтылып, соңыра танысқандарына біраз болған екі жігіт, екі қыздың қасына қонақтап, әңгімелесіп кетті. Жаңа келген қонақ жігіт тым ұяң. Екі беті қып қызыл. Біресе өзі сатып әкелген салаттың рецептін сұрап, біресе жағдайымды сұрай берді. Тамағы кеуіп отыр білем, екі шәйнек шәй ішті. Кенет көзі алара қарап, тысқа шыққысы келсе керек, орнынан қозғалды да "тарс" еткізді. "Асыққан үйрек, құйрығымен сүңгидінің" керімен мен "ол не? "деппін. Күлмеуге тырыстым . Әлгі баланың ішіне жел қарысты ма, әлде, ауылдағы апасының ошағына онша пісе қоймаған шикілеу қамыр тамағын көп жеп қойдыма екен, бейшара бала, автоматтың оғындай "тыт-тыт- тыт" деп дамылсыз жіберді ай дейсің. Мен күлкіден столдан шалқалай құлағанда , әлгі бала есікті бетке алып, еңбектеп қашып бара жатты. Жәй еңбектеген жоқ, әр қимыл қозғалысы "тарс-тарс" еткен әуенге үлесіп, жарасып бара жатты ... Кейін естуімше, қызбен тұңғыш танысуы екен. Ұят болды...


Куралай Сейсенбеккызы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 899    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 04.02.2019, 10:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Ақпан, 10:24
    Біз өзі қызықпыз...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28