Сен тұр - мен айтайын!

Қонақта сары майды салып алатындарды көрдім

  • Қонақта сары майды салып алатындарды көрдім

    Қонақта сары майды салып алатындарды көрдім

БІР ТҮЙІР ЕТ АС БОЛА МА?


Қонаққа бара қалсаң, алдыңдағыны уыстап салып алады. Етті де ешкім білек сыбанып турамайды. Кесектеп бөліп пакеттерін дайындап отырады. Оны бөліп беретін шеберлері болады екен))) Сары майды салып алатындарды көрдім. Осы біздің қазақ аштан өлген бе?

Бір шаңырақтың жинап терген берекесін талап әкетеді. Обал емес пе? Дастархан басынан дәм татса да болады ғой. Тойда "Сарқыт" деген болады. Үй иесі өзі пейілімен беріп жатса, сүрініп қашып әрең аламыз.

Тойда шашылатын қазақпыз. Соны сылтауратып, дастарханын бір дән қалдырмай сипап кету, адамгершіліктен ада іс қой.

Қаралы шаңырақтан да дорбалап ас тасиды. Ау, (әсіресе) ақ жаулықты аналар, етек-жеңін жапқан парасатты келіншектер қойсаңыздаршы. Ұятты ысырып қойып, біреудің несібесін тонамайық.

Келіндеріңіз бен қыздарыңызға әр қайсыңыз түсіндіріп айтып отырсаңыздар, осындай ыңғайсыз жағдайлар қайталанбас еді.

Тыйып отырған қариялар бірең-сараң . Керек десең өзі таласып жүреді кемсеңдеп.

Ынсап пен ар, ақыл мен ұят егіз ұғым. Ендеше қолды тыймай, ауызбен орақ орып, пәлсафа соғу бекершілік. Ойланайықшы!

Біреудің үйінен әкелген бір түйір ет ас бола ма?...


Анаргүл Шалғынбай


Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2098    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 03.09.2018, 10:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Қазан, 11:40
    Мұғалім туралы әзіл
    27 Қыркүйек, 22:40
    Сонда мен чёрт болдым ба?
    16 Қыркүйек, 16:17
    "Я тебя тоже люблю",- деді
    14 Қыркүйек, 12:38
    Бізді тонап отырған кім?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31