Сен тұр - мен айтайын!

Көп адам мақаланы немесе сұхбатты оқымай, тақырыбына қарап пікір жаза береді екен

  • Көп адам мақаланы немесе сұхбатты оқымай, тақырыбына қарап пікір жаза береді екен

    Көп адам мақаланы немесе сұхбатты оқымай, тақырыбына қарап пікір жаза береді екен

Бір емес, бірнеше мәрте байқадым, көп адам мақаланы немесе сұхбатты оқымай, тақырыбына қарап пікір жаза береді екен. Мысалы, Иманғали Тасмағамбетов "қазақ тілін жойылатын тілдер қатарына жатқызады" - деген бағытта посттар қаптап кеткенге, Ресейге барып, қазақша сөйлеп жүрген Имекеңе не болып қалды екен деп жүрсем, мәселе басқаша болып шықты. Ол кісі Юнесконың болжауынша 20 мл-нан аз адам сөйлейтін тілдердің, алдағы 20 жылда жойылу мүмкіндігі бар екендігі туралы болжамына сілтеме жасап, қазақ тілінің болашағы, оны дамыту тетіктері туралы әңгіме айтқан екен. Енді қазір қарап отырсам, "РГ медиа" - деген сайт "белгілі академик айтысты қазақтан басқа ешкімге керек емес деді"- деп айқайлатып ат қойып мақала қоюы сол екен, астында пікір білдірушілер "тарт қолыңды айтыстан", "айтыста шаруаң болмасын"- деген бағытта боратып жатыр. Ал шындығында Асқар Жұмаділдаев ағамыз айтысқа тиісіп отырған жоқ мүлдем. Ол кісі жастарды технократ болуға шақырып, "қазақ ісі", "қазақ сапасы"- деген түсінік қалыптастыра алсақ, сонда ғана басқа ел, бүкіл әлемді қазақ өнерімен, мәдениетімен де қызықтыра алатынымызды айтқан болатын. Сондықтан, әлдекімдердің постындағы, арзан сайттардағы айқайлап тұрған тақырыптарды ғана оқымай, онда жазылған дүниені оқып барып пікір білдірейік, ағайын!


Абзал Құспан

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 693    Пікірлер: 0

сейсенбі, 27.11.2018, 14:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Желтоқсан, 16:21
    Тәртіп бар еді ол кезде
    17 Қараша, 18:16
    Хиджап туралы нүкте
    11 Қараша, 19:42
    Несіне жылайсыздар?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31