Сен тұр - мен айтайын!

Қорқытқанды ғана "түсінетін" біртүрлі түсініксіз халықпыз

  • Қорқытқанды ғана

    Қорқытқанды ғана "түсінетін" біртүрлі түсініксіз халықпыз

Орыс десе, өре түрегелесіңдер. Қарапайым мысал айтайын, көлікпен екі рет далада қалдым. Екеуінде де орыс ағайындар көмектесті. Біреуі үйге жетіп алғанша аккумуляторын беріп, өзі сол тұрған орнында менің қайтып келгенімді күтіп қалса, екіншісі 60 шақырым жерден сүйреп алып келді. Екеуі де берген ақшамды алмай, это "божье дело" деді де кете берді. Мұны айтып жатқаным, көлігімді жөндеп берем деп алып, бір айдан астам уақыттан бері "ақ болды, көк болдымен" жүрген өз бауырларым я дұрыс жауап бермейді, я тоқетерін айтпайды, барсаң беті де қызармайды. Ал оның басқа қанша шаруаға кесірі тиіп жатқаны айтпаса да түсінікті. Ана бір жылы көлігімді соғып кеткен өз қаракөз бауырларым да полиция шақырмай-ақ қойыңызшы деп алып, үш ай сандалтып, ақыр соңында толық жасалып бітпеген машинамды азар алып едім. Айта берсе, мысал көп. Бір қарағанда болмашы дүние сияқты көрінгенімен, бұл дерт осы күнде барлық деңгейдегі салаларға әбден жұғысты болып, қалыпты процесске айналып кеткен. Жұрттың жапа-тармағай билік пен ақшаға ұмтылып, жуан болғысы келетіні де осыдан болса керек. Өйткені біз зекігенді, боқтағанды, одан қалса, қорқытқанды ғана "түсінетін" біртүрлі түсініксіз халықпыз сондай(((.




Dauren Berikqazhyuly

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2075    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.10.2018, 10:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қараша, 18:16
    Хиджап туралы нүкте
    11 Қараша, 19:42
    Несіне жылайсыздар?
    28 Қазан, 19:35
    VIP-АЖАЛ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30