Сен тұр - мен айтайын!

Көрші келіншек көңілдесімен келіспей қалған ба, үйінде айхай-шу...

  • Көрші келіншек көңілдесімен келіспей қалған ба, үйінде айхай-шу...

    Көрші келіншек көңілдесімен келіспей қалған ба, үйінде айхай-шу...

Көңілшек көрші келіншек көңілдесімен келіспей қалған ба, үйінде айхай-шу болғанға ұқсайды.

Сыртта темекі шегіп тұрған орыс көрші оны естіп, дереу учаскеліе полицияға хабарласып, біздің үйді нұсқап жіберген ғой.

Орыс звондады дегенде жан бар ма? Әлгілер жылдамдықты асырып, минут секунтынан бұрын жетіпті.

41-Інші түсімізді көріп шырт ұйқыда жатқанбыз. Есік тоқылдайды. Ашсам формалылар. Амандық жоқ, саулық жоқ, қызыл куәлігін көрсетіп, үстіңізден арыз түсті дейді.

От души ұйықтап жатсам керек. Ұйпа-тұйпам шығып, төрт тал шашым төрт жақа қарап дудырап кеткен. Жарым жартылай ұйқыдамын.

Әлгілер қояр емес,

-Геракыл қайда? Сізді ұрды ма?

-Здраствуйте! Бала-шаға мал жан аман ба? Адасып кеткеннен саусыздар ма?

Бір-біріне қарасты.

-Көршіңіз шағымданған соң келдік. Күйеуіңіз ұрса айтыңыз. Біздің қазақтың әйелдері көнбіс. Жасырыыып жүре береді. Заңға келгенде сауатсыз. Әйелдерді қорғайтын заң бар! Әйелін ұрғандарды

оншақты күнге қамап, енді сөйлей алмайтындай етеді.

Нотация оқып тұр.

Сірә ұйпа-тұйпа түріме қарап, солай десе керек. Ұйықтап жатқанда көп адам өзін жоғалтады емес пе?. Мен де, сен де, оның әйелі де солай ұйпаланады.

Күйеуім давно ұйықтап қалған. Ұрыспақ тұрмақ, план орындауға уақыт жоқ. Ақталып тұрғаным сол екен,

жоғарыдан төбелескендердің шыңғырған дауысы естіліп, әлгілер солай қарай жүгіріп кете барды. Ұйқым шайдай ашылып, сүйретпемді сүйретіп соңынан жүгіріп барсам, көңілдестер шайқасы болып жатыр екен.

Қазақ "Көршің жаман болса, көшіп құтыласың" деуші еді.

Көштік құтылдық.!

Аллаға шүкір.


Салтанат Абылбекова

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 812    Пікірлер: 0

сейсенбі, 20.11.2018, 09:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Желтоқсан, 16:21
    Тәртіп бар еді ол кезде
    17 Қараша, 18:16
    Хиджап туралы нүкте
    11 Қараша, 19:42
    Несіне жылайсыздар?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31