Сен тұр - мен айтайын!

Қойынға жатқаны несі, ол емшектен баяғыда шығып кеткен

  • Қойынға жатқаны несі, ол емшектен баяғыда шығып кеткен

    Қойынға жатқаны несі, ол емшектен баяғыда шығып кеткен

ҚАЙРАН, МЕНІҢ АЙТҚЫШ ЖЕҢГЕЛЕРІМ-АЙ!..


Бір жеңгеміз бар. Өзі өте қалжыңпаз. Әзілі де, әңгімесі де керемет.

Бойы жерге жақындау бір тапалтақ қайнысы қазандай басы мен дорбадай аузы сол жеңгеміздің белінен келсе де "жеңеше, жеңеше" деп жарбаңдап қасынан қалмай қойыпты. Сөйтсе, жұрт күлсін деді ме, әлде білсін деді ме қайнысына:

-Әй, миы қиының қасына орналасқан бәле, мазамды алмай тиыш жүрші, - деп салған ғой қалжыңдап.

Шынында ананың бойы бір метрдің о жақ, бұ жағы болатын.

Бір күні сол жеңешеме күйеуінің құрдасы телефон шалады.

-Әлеу, байың үйде ме?

Жеңшеміз ағамыздың өзіне хабар-ошар бермей екі-үш күн "айттап" кеткеніне ыза боп отырса керек:

-Білмеймін,- депті.

Келте жауапқа қанағаттанбай кегжең ете қалған құрдасы жеңешемізді өзінше қатырмақ боп:

-Білмегені қалай, қойныңа жатпай ма, не сонда? - қылт ете қалыпты.

Сөйтсе жауаптан қашанда жаңылмайтын жеңешем:

- Қойынға жатқаны несі, ол емшектен баяғыда шығып кеткен, - деп тарс еткізіпті.

Қайран, менің айтқыш жеңгелерім-ай!


Көсемәлі Сәттібайұлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 3349    Пікірлер: 0

сейсенбі, 28.08.2018, 10:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Қазан, 11:40
    Мұғалім туралы әзіл
    27 Қыркүйек, 22:40
    Сонда мен чёрт болдым ба?
    16 Қыркүйек, 16:17
    "Я тебя тоже люблю",- деді
    14 Қыркүйек, 12:38
    Бізді тонап отырған кім?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31