Сен тұр - мен айтайын!

Қозғап-қозғап... қоюын араластырып құйыңызшы...

  • Қозғап-қозғап... қоюын араластырып құйыңызшы...

    Қозғап-қозғап... қоюын араластырып құйыңызшы...

ҰЯЛШАҚ


Баяғыда біреу жол жүріп келе жатып, түн боп бара жатқан соң, алдынан кездескен бір ауылға ат шалдырыпты. Шеткі үйге кеп түссе, үй иелері енді жатқалы жатыр екен. Құдайы қонақ көрсе, қораға тұра шабатын заман ғой, бұл қожайын да қой соймақ ыңғай танытса керек, бірақ бейтаныс кісі «қойыңыз, әуре болмаңыз» деп әзер тоқтатыпты.


– Онда әлгінде ғана ішіп алған көжеміз бар еді, содан дәм татыңыз, – дейді үй иесі.


– Жоқ-жоқ, қажет емес! – деп шыр-пыр болады ұялшақ қонақ.


– Апыр-ай... шай ішсеңізші тым болмаса! – дейді үй иесінің әйелі.


– Жоға, о не дегеніңіз, керегі жоқ, қисая кететін орын табылса болды маған, – дейді елде жоқ ерекше сыпайы мейман сызылған күйі.


«Не деген қызық адам?» деп таң қалады қожайын ішінен.


«Не деген экономшайский қонақ?» деп ернін сылп еткізеді әйелі.


Содан бәрі ұйқыға жатады. Жолаушы жолда күні бойы нәр сызбаған аш екен, бірақ кісі үйінен дәм татып көрмеген, біреуден су да сұрап іше алмас ыбылжыған ынжық, дауасыз ұялшақ болса керек. Жаңағысының бәрі сол баяғыдан бойға сіңген болбыр сыпайылығы ғана көрінеді.


Алайда аш қарын миды тыңдап, тыныш жатқызушы ма еді, көп ұзамай құрылдап, шұрылдап, мазасын ала бастайды.


Қонағының әрі-бері дөңбекшіп, көз іліндіре алмай жатқанын сезген үй иелері:


– Бір жеріңіз ауырып жатыр ма? – деп сұрайды.


– Асқазаным... – дейді анау міңгірлеп.


– Қап... Шипа боларлық шай-шөбің бар ма еді, бәйбіше?


– Қазір қарайын. Әйел орнынан тұрып, шам жағып жатса, қонақ басын көтеріп:


– Бағана... көже... бар деп жатыр едіңіздер... қалып па еді? – депті күмілжіп.


– Бар ғой, құйып берейін бе?


– Иә.


Әйел көжесін жылытып жатса, өзегі талып, өлейін деп қалған бейшара:


– Қозғап-қозғап... қоюын араластырып құйыңызшы... – депті.


Сәкен Сыбанбай

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1512    Пікірлер: 0

жұма, 13.10.2017, 21:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Желтоқсан, 16:21
    Тәртіп бар еді ол кезде
    17 Қараша, 18:16
    Хиджап туралы нүкте
    11 Қараша, 19:42
    Несіне жылайсыздар?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31