Сен тұр - мен айтайын!

Кіріптар адамның шын сөйлеуі, шын іс қылуы қиынның қиыны

  • Кіріптар адамның шын сөйлеуі, шын іс қылуы қиынның қиыны

    Кіріптар адамның шын сөйлеуі, шын іс қылуы қиынның қиыны

БАС ТӘУЕЛСІЗДІГІ


Адамның шын мінезі, ой-пікірі һәм қабілеті жеке басы үшін саяси-экономикалық тәуелсіздік туғанда ғана білінеді (салыстырмалы түрде айтып отырмын, абсолют тәуелсіздік болмайды, әрине). Яғни шама-шарқына қарай жайлы баспанасы, тұрақты жұмысы һәм табыс көзі, зейнет пен мұқтаждық жәрдемақысы бар; жылына кем дегенде бір мәрте шетке шығып келе алатын еркіндігі бар; аптасына аз дегенде бірнеше мәрте жаны жақын адамдармен ойын-сауық орталықтарына, я саяси-әлеуметтік клубтарға барып тұратын жағдайы бар; мәдениет пен спорт саласындағы хоббиін дамытатын, ғылым саласындағы талабын ұштайтын әрі ләззат алатын мүмкіндігі бар; бойдақ болса, басына жететін, отбасылы болса, бала-шағасына жететін, зейнеткер болса, күтіміне жететін қоры бар адам ғана туған-туыс һәм дос-жармен қарым-қатынаста да, билікпен қарым-қатынаста да ойын бүкпей айтатын шыншыл, анық азаматқа айналады. Өркениетті режимдер заңның үстемдігін орнату арқылы халқына осындай саяси-экономикалық азаттық әпереді. Ал қудалаушы режимдер заңнан үстемдігін орнату арқылы халқына бас көтертпей, кішігін - ұлығына, адалын - арамына, әділін - әккісіне, маманын - мансапқорға, кәрісін - жасына кіріптар етіп қояды. Кіріптар адамның шын сөйлеуі, шын іс қылуы, әрбірден соң шын өмір сүруі қиынның қиыны. "Кісінің қолына қарағанның күні құрысын" дейді қазақтың бір мақалы. Рас сөз.


Ғалым Боқаш

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 553    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

дүйсенбі, 29.01.2018, 12:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қаңтар, 13:04
    Ұлтқа қарсы пост

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28