Сен тұр - мен айтайын!

Кітаптан вот именно оқымаймыз ғой сол мотивацияны.

  • Кітаптан вот именно оқымаймыз ғой сол мотивацияны.

    Кітаптан вот именно оқымаймыз ғой сол мотивацияны.

 Менің үнемі видео көріп, кітап оқып отыратын уақытым жоқ, сол себепті өзім зерттегім келген, сол тақырыпты жіті білетін, көп ізденіп, мықты мамандардан дәріс алған коуч-тренердің семинарына барамын мысалы. Барғанда да бұл бәріне барамын деген сөз емес. Сөзі мен ісі, теориясы мен практикасы сай келетін тіс қаққанына барамын. Ол тәжірибесімен бөліседі, ол да талай кітап сатып алып алтын уақыт өткізді, ол да шетелдің мамандарына мыңдаған ақшасын жұмсап білім алды, ал сол білімді бір-ақ күнде тыңдау үшін-мен он-жиырма мыңымды аямаймын. Себебі ол ақша кино көріп, тамақ ішуіме-ақ кетіп қалады.

Сондықтан байдың ақшасын кедей санап қызғаныпты болып, қазіргі семинарларға қатысты сюжет жасап, дұрыс емес деп атойлаудың онша қажеті жоқ сияқты.

"Айтатындары құр сөз, тек мотивация беру, оны кітаптан да оқып аласың, сабақтарына қатыстым, бірақ түк бизнес аша алмадым" дейді көбі. Дұрыс қой енді. Кітаптан вот именно оқымаймыз ғой сол мотивацияны. Олар жолын, дұрыс бағыт-бағдарын көрсетіп шайнап берді, әрі қарай жұту не түкіру-адамның қолында. "Сен ресторан бизнесіңді аш, мә ақша", "Сен сұлулық салонын аш-мә ақша" дегенді естігісі келеді көбі. Олай емес. Мысалы мен жұмыс істейтін кәсіпкердің барлығы сол тренингтен шыққандар, әлі күнге тренердің сөзін айтып жүреді.

Отбасына қатысты өтетін семинарларда да үйде қалай жақсы әйел болу керек, енеңмен қалай тіл табу керек, ашланғанда қалай сабырға келу керек, бала тәрбиесі қандай болу керек, көп ашып айта бермейтін күйеуіңмен арадағы қатынастар, сызат түссе, қалай қалыпқа келтіреміз-сол айтылады. Әйелде өзгеріс міндетті түрде болады, руxани демалады, ой түйеді, "Менікі жөн бе еді?" деген сұраққа жауап іздей бастайды.

...Өзім негізі естігеннен гөрі оқығанды есіме тез сақтаймын. Сол себепті алдымен каучтың кітабын оқимын, сосын барып семинарына баруым мүмкін. Өміріне қараймын, сол айтқандарын өзі істеді ме екен, егер иә болса мойындаймын.

Себебі ұялмағанның бәрі әнші демекші, білімі таяз, елге не үйретіп жүргенін дұрыс білмесе де семинар өткізетіндер де болуы мүмкін, бұл енді бұрыс дүние. Көп адамның алдына шығып ақыл айту "үлкеееен" жауапкершілік. Ақыл айту арқылы солардың тағдырына иненің көзіндей болса да себепшісің деген сөз. Өйткені адам тығырыққа тірелгенде кез келген бір ауыз жылы сөзге еріп кетуге дайын тұрады...

Арамыз ісі мен білімі сай келетін еліміздің нағыз патриотына тола берсін


Көрілген: 790    Пікірлер: 0

жексенбі, 08.04.2018, 15:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Қазан, 11:40
    Мұғалім туралы әзіл
    27 Қыркүйек, 22:40
    Сонда мен чёрт болдым ба?
    16 Қыркүйек, 16:17
    "Я тебя тоже люблю",- деді
    14 Қыркүйек, 12:38
    Бізді тонап отырған кім?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31