Сен тұр - мен айтайын!

Құдай адамды бір-бірімен ажырамас дос етіп қойса ғой...

  • Құдай адамды бір-бірімен ажырамас дос етіп қойса ғой...

    Құдай адамды бір-бірімен ажырамас дос етіп қойса ғой...

«Мен өткен шақтан азат болғым келеді. Мен өзіме зиянын тигізген, тіпті тигізбеген жандардың баршасын кешіргім келеді. Өзгелерді ренжіткенім үшін өзіме де кешірім беремін». Бұл – Луиза Л.Хей ханымның «Мен ракты қалай жеңдім?» деген кітабынан алынған шағын үзінді. Осы кітапта «Өмірден не қалайтыныңызды күн сайын ашық айтыңыз. Ашық айтқанда, сіз оған ие болғандай кейіппен анық айтыңыз» деген де ой айтылады.

Көңілден шығатын сөздер. Қазақта «Жаман адам кекшіл, жақсы адам текшіл келеді» деген де сөз бар. Автор «Әдетте иттің етінен жек көретін жандардың өзін кешіруге тура келеді. Кек тұту сізді ренжіткен адамдарды ғана емес, алдымен өзіңізге зиян шектіреді, текке мазаңызды алады. Бұл – олардың емес, алдымен сіздің жүрегіңізге жүк артатын ауыртпалық» деп тағы да біздің нақылымызды қолдай, оны кеңінен аша түседі. Келіспеу мүмкін емес.

Біз түкке тұрмайтын нәрсе үшін босқа ренжісеміз. Қамшының сабындай қысқа ғұмырда бұл керек пе екен? «Сәл нәрсеге жүрегіңіз ауырады, болмайтын жағдайда күйінесіз» дейді мені жақын білетіндер. Енді қайтемін: құдайдың жаратуы солай, мен кез келген нәрсеге кез келген нәрсе ретінде қарай алмаймын. Әр нәрсенің өз мәні бар, әр нәрсе өзінше құбылыс. Оған мән бермеу, керек болса, жүрек ауыртпау – сезімсіз мақұлықтың тірлігі. Ал оны кеудеде сақтап, өз жаныңды өзің қинау шын азап. Ондайды да бастан өткеруге тура келеді" деп жазып қойыппын қойын дәптеріме (20.12.08).

Құдай адамды бір-бірімен ажырамас дос етіп қойса ғой...


Дурәлі Дүйсебай

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 361    Пікірлер: 0

жексенбі, 04.11.2018, 16:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қараша, 18:16
    Хиджап туралы нүкте
    11 Қараша, 19:42
    Несіне жылайсыздар?
    28 Қазан, 19:35
    VIP-АЖАЛ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30