Сен тұр - мен айтайын!

Құдай кейде сенің емес, саған сенген, сүйген жандардың жүрегіндегі көңілін қабыл қылады

  • Құдай кейде сенің емес, саған сенген, сүйген жандардың жүрегіндегі көңілін қабыл қылады

    Құдай кейде сенің емес, саған сенген, сүйген жандардың жүрегіндегі көңілін қабыл қылады

Біршама бұрын көшіп келген көрші келіншек шайға шақырып жүрді. «Шай ішпейтін адммын» дегеніме қарамады. «Күйеуім жұмыста, бүгін демалыс, келсеңші» дегесін көңілін қимай бардым. Өзі әженің тәрбиесінде өскен, қалай бар, солай атып салып отыра беретін ақкөңіл әрі сондай әңгімешіл адам. «Мә, сен шай ішпейсің ғой, қымыран ал!» деді. Семейлікке тиген Қызылорданың қызы. Жақында білдім. «Әй, ауылға барып келдім. Мына қымыран Қызылорданыкі, үйдегілерге жанымда күшті қыз көрші тұрады деп арнайы алып келдім» деді. Алғысымды айтып ішіп алдым. Бұрынғы әңгіме бұрынғы ма, онан сайын гөйтті. Жалпы жершіл адам емеспін, қай құрлықта болмасын қазақ па, мен үшін қазақ. Ортақ тақырып табылғаннан кейін әңгімеміздің қызғанын меңзеп отырмын.

«Шешем мерейтойына орай той жасады. Соған бардым. Айтпақшы, ол да ауыз бекітті жылдағыдай, 15 жылдай болды-ау. Қаланы көрмегеніме 5 жыл бопты ғой, не сұрайсың! Кереметтей өзгеріп кетіпті. Мен шешемнің жалғызымын ғой, болмағаным ұят деп жеттім», - деді. Мен таңданысымды жасыра алмай: «Мә, сен жалғыз қызсың ба? Мүлде ұқсамайсың. Әдетте олар ақсаусақ, жеке өскеннен өзімшілдеу келетін еді ғой», - дедім. Ол: «Бауырларым бар ғой басқа, екінші әйелінен. Әкемнің өзге отбасы бар», - деді. «Орынсыз жерге пышақ салдым-ау» деп сәл үнсіз қалғаным сол еді, үнсіздікті оның өзі бұзды. Қиындау құпияның шеті шыққанына қылы да қисаймағандай кейіппен: «Әкем мұнайшы, шешем милиция боп қызмет қылады. Екеуі қалада танысқан. Бірақ алғашында біраз жыл ауылда тұрған. Қалаға жаңа көшіп келгенде әкем жұмыста, шешем мені жетектеп жүріп әлі біте қоймаған үйдің бар тірлігін өзі істеген. Сөйтіп суықтаған. Менен кейінгісін түсіріп алған. Жатырын алып тастамағанымен емдеткен. Жеті жылдай уақыттан кейін әкем «Маған атымды, затымды қалдыратын, ұрпағымды жалғайтын тұяқ керек» деген. Шешем жетімдер үйінен бала асырап алуды ұсынған. Ол «Қанымнан керек» деп көнбеген. Әйел еркектен асып қайда барсын, әсіресе дәл бізің менталитетте. Шешем ақылға салып жіберген. Оның ақылына алғысы болар, әкем ажыраспай, өзінен 5-6 жас кішіге өзінің бар жайын айтып, келісіп, мұсылманша некелескен. Шешем онымен бір қалада тұрмай-ақ қояйыншы деп Байқоңырға жұмыс ауыстырған. Мені нағашыларыма тапсырған. Бірақ өзі ешкіммен қайта көңіл қоса алмаған. Бір қалған соң болды екен ғой», - деп бір тоқтады. Соны пайдаландым да: «Е, шешеңе рақмет. Енді қалай, әкеңнің ұлы бар шығар?» - дедім. Ол шайын бір ұрттап алды да: «Кешегі барғанымда маған әкем өзегінде өкініш қалғанын жеткізді. Жақында ғана қырықтың қырқасына шыққан екінші әйелі үшінші қызын босаныпты. 9 айлық бопты. Алладан асып қайда барайық», - деді. Құдай кейде сенің емес, саған сенген, сүйген, сүйенген жандардың жүрегіндегі көңілін қабыл қылады. Тіпті ол тілемесе де... Адам өзгеге олар үшін емес, алдымен өзінің таза жолы үшін адал болу керек екен-ау...

...Қымыранның қышқылдығы ештеңе емес екен...


Айдана Шотбайқызы

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 1450    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 11.06.2018, 04:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Желтоқсан, 16:21
    Тәртіп бар еді ол кезде
    17 Қараша, 18:16
    Хиджап туралы нүкте
    11 Қараша, 19:42
    Несіне жылайсыздар?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31