Сен тұр - мен айтайын!

Құдай қосқандар деп осындай адамдарды айтса керек

  • Құдай қосқандар деп осындай адамдарды айтса керек

    Құдай қосқандар деп осындай адамдарды айтса керек

Өткен күнгі түнде бір орыс таксиспен келдім үйге. Әңгімеден әңгіме шығып, қалай үйленгенін айтты. Осыдан бес жыл бұрын үйленіпті. Оның өзінде біраз жүріп барып, 45-ке келгенде бір-ақ бас құраған екен. «Судьба!» деп қояды, күліп. Жастау кезінде үш рет түрмеге түсіпті. Үшіншісінде алты жылдай отырып шыққан. Өзі бір емес, екі оқу орнын бітірген білімділеу жігіт. Сөз саптасынан түрмеге отырып шыққан адамға ұқсамайды. Үшінші рет қамалған кезде, түрмеде жатып бүкіл өмірін қайта зерделепті. Мұндай өмірден жалыққан ғой. Түрмеден босап шығуға бір күн қалғанда құдайға жалбарынып: «Я, Жаратушым, түрмеден шыққаннан кейін бір қызбен кездестірші. Сол қызды өмірлік жарым етейін. Осы жаман әдетімнің бәрін қоямын. Тек бір өтінішім: ол қыз маған алма ұсынсыншы. Менің жарым екенін содан білейін» дейді. Жігіттің уақыты келіп, түрмеден босайды сосын. Қаладағы туыстарының үйінен шыққаннан кейін, Бірінші Алматы жақтағы досының үйіне барып қону үшін Сейфуллин көшесіндегі аялдамада автобус күтіп отырады. Кеш қарайып қалған кез екен. Қасына бір әдемі қыз келіп жайғасыпты. Ол қыз бір уақытта сағат сұрайды. Екеуі кейін тілге келіп, сөйлесе бастайды. Бір кезде әлгі қыз сөмкесіне қол салып, екі алма алып шығыпты да, біреуін беріпті... Обшым, екеуі содан үйленіп, қазір екі баласы бар екен. Әйелі өте керемет жан болып шығыпты. Әйеліне де, өмірге де риза адам екені көрініп тұр. Осы әңгімені естіп алдым да, көпшілікпен бөліскім кеп кетті. Өмірде небір таңғажайып оқиғалар болады. Құдай қосқандар деп осындай адамдарды айтса керек.


Жолымбет Мәкіш

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 1646    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 10.10.2018, 09:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Желтоқсан, 16:21
    Тәртіп бар еді ол кезде
    17 Қараша, 18:16
    Хиджап туралы нүкте
    11 Қараша, 19:42
    Несіне жылайсыздар?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31