Сен тұр - мен айтайын!

Құдайды өзінің «қорасына» қамап алатындар да көп

  • Құдайды өзінің «қорасына» қамап алатындар да көп

    Құдайды өзінің «қорасына» қамап алатындар да көп

Өзін атеист санайтын бір әпенділеу әріптесім бар. Өте білімді жігіт болғанымен, құдайға сенбейтін. Кеше сонымен сөйлесіп отырғанда, мынандай қызық әңгіме айтты. Бір жарым жылдай бұрын Астанаға командировкаға барыпты. Жұмыста отырса, кабинеттің ішін шешесі ғана жағатын әтірдің өткір иісі алып кетеді. Жақын маңда ешкім болған жоқ дейді. Осыған таң қалып отырғанда, інісі звандап, сексенге келген шешесінің жаңа ғана жүріп кеткенін хабарлапты. Осы оқиғаға әлі күнге дейін таңғалатынын айтып, менен соның жауабын сұрағансыды. Қазір өзі жұма намазына барып жүр екен. Мен оның бұнысын қоштағандай болдым да, кейін сосын басқа тақырыпқа ауысып кете салдық. Дінді адам біреудің ақылымен емес, өзінше танығаны дұрыс қой. Кейде біз «кірісіп» кетіп, оларға бәрі білетін күнделікті айтылып жүрген шикі пікірлерді әкеп тықпалаймыз кеп. Құдайды өзінің «қорасына» қамап алатындар да көп. Кей кезде бір нәрсеге данышпансып пікір айтпас бұрын, оған алдымен сол адамның өзі көз жеткізіп алуы үшін үндемей қоя салған дұрыс екен...


Жолымбет Мәкіш

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 893    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 25.10.2017, 12:23

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30