Сен тұр - мен айтайын!

Күнде үйіне 99 еркек іздеп келеді

  • Күнде үйіне 99 еркек іздеп келеді

    Күнде үйіне 99 еркек іздеп келеді

Екі кештің арасында фуражкасын қолына ұстап алған бір млтсə ма, пәлтсә ма үйге кіріп келді. Жоғарыда тұратын көөөп күйеуі бар көршіміз көмек сұрап арызданса керек. Айтуынша ол тып -тыныш кетіп бара жатса мен оған тиіседі екенмін. Отырса опақ, тұрса сопақ қылатынымды да айта барыпты. Қара санының басынан келтіріп, келте көйлек киіп алатын сылқымның бетін қайтарғысы келмей, арызын қанағаттандыру үшін формалысы маған қарай құстай ұшқан ғой.

Үйінен күйеулері үзілмейтін көршісымақтың өзімен беттесу үшін іздеп барсам есікті ішінен кілттеп алыпты. Ішкі жағында тұрып дірілдеп сөйлеп тұр. Күнде менен таяқ жеп, таланып жүрген адамдай дауысы дір-дір етеді байғұстың.

-Көршіңізді біротала қорқытып қойыпсыз ғой. Көрші деген сондай бола ма? Тату болмайсыздар ма - дейді формалым. Атыңызға арыз түсті. Жүріңіз бөлімшеге. Сол жерде сөйлесеміз.

- Қазі - деп үйге кіріп кеткен мен жоғарыдағы күлімкөзге не үшін ұрысқанымды əдемілеп тұрып ақ параққа жазып шықтым. Ақ қағаздан көз алмай оқып тұрған мілітсə көркем шығарма оқып тұрғандай көзі жасаурап кетті. Жанымда жүгіріп жүрген балаларымнан отырғыш сұратып, отырып алып оқыды. Бəсе деймін-ау ұрысқаққа ұқсамайсыз. Сонда бұл арызданушы шынымен осындай адам ба дейді. Парақта жазылғанның бəрін тоқтамай ауызша қайталап бердім.

Иə өзге көршілеріммен татумын. Тек мынау. Күнде үйіне 99 еркек іздеп келеді. Кейде 99 еркегінің 90 ны адасып біздің үйге кіріп кете жаздайды. Күндіз үйде екі баламның жалғыз қалатыны бар. Адамдарға сенім жоқ. Жас бала тұрмақ еркектің өзін зорлап кетіп жатқан заманда бала деген не тəйірі. Содан қорқамыз да. Онысымен қоймай əжетке шығуға ерініп, боколашкаға шаптырады да төбеден төменге қарай лақтырады. Өткенде сол тұратын үйдің терезесінен  членқаптар ұшқан. Жуынып-шайынған суын да сол төбеден төменге қарай шаша салады. Мұндай көршіні мен сияқты жай ғана ұрсып қоя салмай, басын кесіп алсаң да, обалы жоқ.

Формалым үнсіз жоғары қарай көтеріліп, əлгі албастының өзіне ескерту жасады. Бұдан былай ол қылығын қайталаса ит қосып қуатынымды да жеткізіпті. Өмірімде бірінші рет мілітцəға риза болдым. Көрші ақысы, тəңір ақысы - деген мақал мынадай салдақы көршінің қасында садаға кетсін.


Салтанат Абылбекова

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 9746    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 08.08.2018, 11:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Қазан, 11:40
    Мұғалім туралы әзіл
    27 Қыркүйек, 22:40
    Сонда мен чёрт болдым ба?
    16 Қыркүйек, 16:17
    "Я тебя тоже люблю",- деді
    14 Қыркүйек, 12:38
    Бізді тонап отырған кім?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31