Сен тұр - мен айтайын!

Құрыққа ілінгеннен кейін қазақ қызының екі-ақ таңдауы қалады. Не көну, не...

  • Құрыққа ілінгеннен кейін қазақ қызының екі-ақ таңдауы қалады. Не көну, не...

    Құрыққа ілінгеннен кейін қазақ қызының екі-ақ таңдауы қалады. Не көну, не...

 Құрт-құмырсқа, бақа-шаянмен қоректеніп, тапшылықтан, таршылықтан кеудесі кеберсіген, кеңпейілділік деген қасиетті қаперіне тоқи алмайтын қытай жігітінен не жақсылық іздейді екен біздің қыздар? Қанша жерден ақшасы көп болсын мейлі, ханзулар битін сығып қанын жалауды қалыпты жай санайтын халық. Иə, олардың өле жатқанының жамбасында бір қапшық ақша болады, бірақ олар оны өліп бара жатса жаратпайды. Сақтап қояды. Дəстүрі солай. Алғашқыда əккі күйеу жұмыртқадан жүн қырқатын "өнерін" білдіре қоймас. Құрыққа ілінгеннен кейін қазақ қызының екі-ақ таңдауы қалады. Не көну, не...

" Қазақ жігіттері əйелдің қадірін білмейді" дейді іскер де білімді қазақ қыздары. Осы ойды санаға саялатудың өзі көкірек пен менмендік кесапатының белгісінен хабар беріп тұрған жоқ па? Ол қыз өзі ойлағандай шынымен қадірлі болса, ақыл есі дұрыс жігітке қадірлі болмауы мүмкін бе? Қыз жігітке қадірін өткізе алмаса, оның несі қадірлі?

Қазақ жігіттері сіңірі шыққан кедей деп менсінбейді қазақ қыздары. Өз нəсібің болмаса, өзгенің байлығына бөгіп қалған кімді көрдің? Екі жұп қол ұстаса жүріп, тер төгіп тапқан дəулеттің жемісі тəтті болады. Ғайыптан келген байлықтың баяны жоқ.

Адам -періште емес, пенде. Мың жерден іскер, білімді, жомарт, қайырымды болсын, кемшіліксіз пенде жоқ. Əйел де, еркек те солай. Осы ақиқатты екі жақ, əсіресе əйел мойындап, төзімділік танытқанда ғана баянды бақыттың іргесін қалауға болады деп ойлаймын.

Тағдырға итере салу - сылтау ғана. Бақыт пен сорды адам басқаның емес, өз қолымен жасайды.

Ал қазақтан таба алмаған бақытты атасы бөлек, менталитеті бөтен басқа ұлттан табам деу ақылдылықтың белгісі деп айта алмаймын. Басқа ұлтпен бас қосқан көп əйелді танимын, жұмақтың төріне шығып кеткендерін көрмедім. Ыстық-суығы басылғаннан соң атамекенін аңсап, еліне жете алмай, барған жерінен кете алмай еңірегенде етектері толады. Бармағын тістеп жүргенін білдіргісі келмей, бер жақтарынан жылтыраған болады.

Əрине, жар таңдау əркімнің өз еркі. Біреудің еркіне қол сұға алмайсың. Бөтен жұрттың ұрпағын өрбітуге бел байлаған екен, біражола қарасын батырсын. Алды-артына - топырақ! Азаматтықтан шығарылып, елден аластатылсын. Онсыз да аз ұлттың ассимиляцияға түсіп, экспанцияға ұшырауына себеп болмасын. Тіпті елден кеткісі келмесе, бөтен күйеуге де, одан туған ұрпаққа да Қазақстан азаматтығы берілмеуі заңмен бекітілсін.




Көрілген: 1836    Пікірлер: 0

сенбі, 23.06.2018, 16:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Қыркүйек, 16:17
    "Я тебя тоже люблю",- деді
    14 Қыркүйек, 12:38
    Бізді тонап отырған кім?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30