Сен тұр - мен айтайын!

Күйеуімді қайтарып беріңізші...

  • Күйеуімді қайтарып беріңізші...

    Күйеуімді қайтарып беріңізші...

 Қашқын әке, алаяқ еркектер көбейіп барады. Күн сайын уатсапқа екі-үш әйел күйеуімді қайтарып беріңізші деп, тауқымет- шерін жазады. Жауапкершіліктен жұрдай, балаларына бүйрегі бүлк етпейтін мейірімсіз ұрпағын тастап қашқан қазақ жігіттеріне не айтамыз?


Ұятсыз, намыссыз, қашқын әкеден туған бала-шаға аш-жалаңаш, ішер асқа, киетін киімге жарымайды. Жоқшылықтан титықтаған , еңірегенде етегі жасқа толған, шарасыз әйел өзге ұлт өкілінің етегіне жармасқанда тілің күрмеледі екен. Бір оқиға есімнен кетпейді.


5 жыл бұрын таныс кісінің қызын күйеуі баласымен тастап кетті. Ажырасқаннан кейін экс- жұбай қарасын көрсетпеді. Алимент төлеген жоқ. Баласы қалай өсіп жатыр, не жейді, не ішеді, әрине оған әкесі бас қатырған жоқ. Жұмыссыз екен, кейін үйленгенін естідік.

Ал келіншек өте сұлу еді. Алматыда алып сауда орталығында жұмысқа орналасып, пәтер жалдап, баласын бақшаға сүйрелеп, ешкімге алақан жаймастан, тынымсыз еңбектің етіп, ұлын өсірді.


Баласы 7 жасқа толғанда келіншек күйеуге шықты. Өзімен түйдей құрдас жігіт, бірақ ұлты басқа. Қазақ тілінде сөйлемейді, дегенмен қазақы жөн-жоралғысын ,қыздың анасына сый-сияпатын жасады. Бір жылдан кейін әлгі күйеу бала отбасымен ата-жұртына қоныс аударды. Әйелінің тұңғышын жатсынбады. Әкесіз өскен жәутеңкөзді бауырына басып, қамқоршысы болды. Өгей әке оны тарихи отанына бірге алып кетті. Енді ол баланың қазақ болып қалатынына күмәнім бар.

Қыздың шешесі бастапқыда өзге ұлтқа тұрмысқа шығуына қарсылық білдіріп, райынан қайтаруға тырысты. Бірақ кейін келісімін берген.


Күйеуі қашып кеткен әйелдердің бәрі шетелдікке тұрмысқа шығады деп ойламаңыз. Айтайын дегенім, қашқын әкелерге шара қолдану керек.


facebook.com парақшасынан 


Олар сот орындаушыларды да тыңдамайды. Заң солқылдақ па, әлде сот орындаушылар түк бітірмей ме?

Қашып жүрген еркектердің мұрты да қисаймайды. Балалары аш-жалаңаш жүргенде өзге келіншектің құшағында рахаттанып жатады. Бәлкім олардың әкелік парызын орындауға міндеттейтін заң керек шығар? Бұған не айтасыз?




Көрілген: 1569    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 25.06.2018, 00:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қараша, 18:16
    Хиджап туралы нүкте
    11 Қараша, 19:42
    Несіне жылайсыздар?
    28 Қазан, 19:35
    VIP-АЖАЛ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30