Сен тұр - мен айтайын!

Күйеуін де аяймын, бірақ, оған жұмсақтық танытсаң, әйелін өлтіріп тынары анық

  • Күйеуін де аяймын, бірақ, оған жұмсақтық танытсаң, әйелін өлтіріп тынары анық

    Күйеуін де аяймын, бірақ, оған жұмсақтық танытсаң, әйелін өлтіріп тынары анық

ТАҒЫ БІР АЖЫРАСЫП ТЫНҒАН ОТБАСЫ ЖАЙЛЫ АЙТПАСАМ БОЛМАЙ ТҰР


Қай қала екенін айтпай-ақ қояйын, бірде (осыдан 10 жылдай бұрын болуы керек) білдей бір Пед.унверде оқытушы болып жүрген интернет "Агенттегі" досым хабарласты. Айтуы бойынша, күйеуінен әбден таяқ жеп мезі болған ауылдағы сыныптас жан құрбысы үйіне қашып келіпті. "Шешіндіріп көрдім, масқара, үсті-басы көгала қойдай, өлімсі етіп тепкілігені көрініп тұр" деді. Күйеуі бір күн арақ ішпесе жүре алмайтын күйге жетіпті. Ауылда қарыз болмаған дүкені, қарыз болмаған көршісі қалмапты. Үйіндегі жарамды бұйымдардың бәрін сатып бітіріпті. Құрбысы бір мектепте директор екен. Күйеуінің залымдығы соншалық, қатынын мектепке барып тұрып сабап кетеді екен. Әсіресе, жалақысын алған күннен бастап, соңғы тиыны қалғанша тынышы әбден кететін көрінеді. Яғни, құрбысы тапқан-таянғанын отбасының қажетіне, тамаққа, қарыздарын өтеуге жаратсам дейді, ал ішкіш байы араққа жұмсағысы келеді. Әрине, білегі жуан байы ұдайы жеңіске жетіп отырған.


Жан азабын көп көрген әйел қорқақ болып кетіпті. Жынды байы менің танысымның үйін жақсы біледі екен. Келіп есікті тепкілеп, "Әй, оңбаған қатын, осыдан есікті ашпасаң, өлдім дей бер!" деп айқайға басып тұр екен. Дәл осы сәтте маған байланысқа шығып: "Не істесем болады?" дейді. Мен жедел милицияға хабарласып көмек сұра. Оны алып кетсін, әйтпесе, ол есігіңді бұзып кіріп сені де қоса сабайды ғой дедім. Ол "Жарайды, кейінірек тағы да ақылдасам" деді де, агенттен шығып кетті.


Содан түннің бір уағында агенттке шықты. "Қайрат аға, мен құрбымды аяп жылап отырмын. Қазір ғана көз ілді, жаман шошиды екен, күйеуінің атын айтып басын бұқпантайлаған кейіппен бірдеңелерді сандырақтап жатыр. Не істесем болады?" деді. Құрбың өзіне-өзі келгенше үйіңнен шығарма. Есін жимайынша күйеуіне жолықтырма деп едім. "Біз бір ауылда тұрамыз, бұлар ажырасып кетсе, ұят маған келеді, менің ажырасқан деген жаман атым бар. Құрбымның да сондай жаманатты болғанын, оның үстіне онысына себепкер болуды қаламаймын" деді. Егер сені ұят өлтіріп бара жатса, құрбыңды үйіңнен шығара сал. Күйеуі торауылдап жүрген шығар, үйіне ертіп әкете берсін! Сөйтіп құтыл бар пробламадан, сосын бір күні жаназасына барасың дедім.


"О не дегеніңіз! Жан құрбым ғой! Оны ажалға қимаймын! Атамаңыз!" деді. Олай болса, айтқанды істе. Оның өмірін арашалағың келсе, бар да учасковойға арыздан. Осындай да осындай, менің құрбымның өміріне қауіп төніп тұр. Күйеуі келгенде мен хабар берейін, сіздер оны ұстап алып, менің үйіме жоламайтындай етіп қолхат жаздырып алыңыздар де. Тіпті, оған көнбесе, құрбыңды ертең дәрігерге көрсет те, толық тексертіп анализ тапсырт. Көгерген жерлетін суретке ал, ренткенге де түсірт. "Аға, оны қайтем?" Қайткені несі? Сотқа бересіңдер деп едім, ол шошып кетті. "Масқара боламыз ғой! Оның үстіне ол өте бұзақы. Түрмеден келгесін шетімізден бауыздайды" деді қорқып кетіп.


Олай болса, құрбың өзіне келісімен оны басқа қалаға немесе басқа ауданға жібер, жұмысқа орналасып, өз күнін көріп кетеді. Тек, уақытша қамқорлық жаса. Ал күйеуі біраз жалғыз өмір сүріп көрсін. Елге, ағайынға, заңға бағынбай кеткеннің, әйелсіз, бала-шағасыз қалғанның қандай болатынын басынан кешіп көрсін. Табыс табуды үйренсін дедім. "Ойбүу! Ол құрбымсыз аштан өледі ғой!". Оған жаның ашып бара жатса, үйіңе кіргізіп ал. "Атай көрмеңіз. Оны үйге кіргізбек түгілі жанында жақын тұру мүмкін емес. Қолаңсы исі қолқаңды қауып өлтіре жаздайды". Міне, көрдің бе! Жан құрбыңды сондай еркектің билігіне қайта бергің келмесе, құтқар оны. Ол сенен пана тілеп келді ғой. Оны саған Құдай айдап келіп отыр ғой біле білсең дедім.


Сонымен, бір айдай хабарласып отырдық. Өзінен гөрі құрбысының жағдайын көбірек сұраймын. Не керек, шамамен екі айдай өткенде құрбысы жалғыздыққа әрең үйрене бастапты. Қаладан жұмыс тауып, мектеп жасындағы ұлын жанына алдыртып, жеке пәтерге шығып кетіпті. Ал, әлгі ішкіш күйеуі әлі сол қалпында жүрген көрінеді. Мен оған "Сен байқа, құрбыңнын мекенжайын күйеуіне айтып қойма. Бір күндері араққа ақша таппай қалғанда есі кірер. Сосын өз қателігін мойындап, адам болуды қолға алар. Ішкілікті біржола қойып, өзіне келіп, тұрақты жұмыс істеп ел қатарына қосылып жатса, екеуін қайта кездестіріп көрерсің. Егер оларды тағдыр қайта қоспаса, екеуі де өз теңдерін тауып кетер дедім.


Шамамен бір жыл өткесін, әлгі құрбысы өткен күндерінде сондай азапқа түсіп, содан шығарға жол таппай қатты қиналғанда қамқоршы болған құрбысына алғыс айтып жүргендігін жазды.

...Қазір сол әйел бақытты болып кетсе екен деп іштей тілеп жүрмін. Күйеуін де аяймын. Бірақ, оған жұмсақтық танытсаң, әйелін өлтіріп тынары анық.


"Ер мен әйелдің арасына есі кеткен түседі". Түсінем. Олай болса, ер мен әйел бір-бірін қадірлесін!


Кайрат Дуйсенов Парман

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 2001    Пікірлер: 0

жұма, 02.03.2018, 13:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Қыркүйек, 16:17
    "Я тебя тоже люблю",- деді
    14 Қыркүйек, 12:38
    Бізді тонап отырған кім?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30