Сен тұр - мен айтайын!

Қыршындарды алапат империяға қарсы атылуға итермелеген азаттық руxы шығар

  • Қыршындарды алапат империяға қарсы атылуға итермелеген азаттық руxы шығар

    Қыршындарды алапат империяға қарсы атылуға итермелеген азаттық руxы шығар

86-ның 16 желтоқсаны... 22-23-тегі қыршын жастар едік. Кішкентай сәбилерімізді құшақтап, жетім бұрышта дірдектеп жүрген, қазақ боп туғанымыз үшін қаралай айыпты болып, өз тіліміз үшін өзіміз қорынған, болашағымыз бұлыңғыр, жадау көңіл жастар едік. Сол күні алаңға қандай күш алып шыққанын осы уақытқа дейін түсінбеймін. Қалың топ КазГУ-ден шығып Тимириязев көшесімен жаяу жүрдік. 1 қабатты жеке үйлерінен орыс әжейлеріміз шыға келіп, орысшалап бажылдап ұрысып, жұдырығын көрсетіп жатты. Қарамадық. Машиналарға жол бермей, бүкіл асфальт жолдарды қаптай өтіп, Брежнев алаңына келдік... Кешке дейін тапжылмастан тұрдық. Ұрандаттық, жігерлі әндер айттық, жыладық... Ортамыздан сүйреп алып кетіп жатқан адамдарды бермейміз деп арпалыстық. Сүйектен өткен суықты елеместен таңды таңға ұрып тұруға бар едік. Жүрегімізде жігер қайнап жатқан еді. Әрекетіміздің дұрыстығына сеніміміз мықты еді. Түнге қарай су тасымалдайтын машиналар шыға келіп, жастарға су шашты. Үстіміз қатырлап мұз бола бастады. Жанымдағы досым: "Енді тұруға болмайды. Кетейік" деп қолымнан сүйрелеп ығы-жығы арпалыстың ортасынан алып шықты. Сол құрбыма қарыздармын. Кейінгі тексеріс, қудалау кезінде бір-бірінің атын айтып қойғандар болды. Талайлар кетті... Міне, қаншама жылдар өтті. Елім, жерім тәуелсіз. Біз бодан емеспіз, азатпыз! Буыны енді бекіп, бұғанасы қатып үлгермеген небары 20-23-тегі қыршындарды Алапат империяға қарсы арыстандай атылуға итермелеген ата-бабамыздың қанымен берілген Азаттық руxы шығар. Өздерінің қанымен, тағдырымен Тәуелсіздіктің таңын жақындатып кеткен қайран боздақтар-ай! Әлі күнге дейін сол күндер көз алдыма келсе, көзіме жасым тұрмайды...


Бибайша Нурдаулетова

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 481    Пікірлер: 0

жексенбі, 16.12.2018, 14:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қаңтар, 11:53
    Махаббат өлген...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31