Сен тұр - мен айтайын!

Қыз-келіншектердің киім-кешегімен алысқанша інілеріңізге бағыт айтып қойсаңыздар, қайтеді?!

  • Қыз-келіншектердің киім-кешегімен алысқанша інілеріңізге бағыт айтып қойсаңыздар, қайтеді?!

    Қыз-келіншектердің киім-кешегімен алысқанша інілеріңізге бағыт айтып қойсаңыздар, қайтеді?!

 Бүгінгі таңда қыз-келіншектерге арналған психологиялық тернинг көбейіп кетті. Пәленшеге, Түгенше ханымдар ауыл-аймақтарды аралап жүр. Негізі ауыл-аймақтағы қыз-келіншектерге ешқандай тернинг керек емес! Қалалық қатындарға болмаса. Осы ретте, ел ағаларына ұсынысым бар еді, Мырзалар! Ауыл-аймақтағы жігіттерге әйелді құрметтеу, қызды алып қашпау, оларға күш көрсетпеу сынды тернингтер өткізіңіздерші! Кеше бір қызды күштеп көлікке отырғызып, еркінен тыс әйелі етпек болған. Көліктен түсіп қалу мақсатында еңгезердей еркектермен алысқан қыз есінен танып қалыпты. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетудің орнына, ата-анасынан кешірім сұрап қызды үйіне жеткізіп салудың орнына көшеде қалдырып өздері қашып кеткен! Біреудің аялап отырған жалғыз қызына осылай моралдық зақым әкелу не деген жабайылық! Оу, ел ағалары! Қыз-келіншектердің киім-кешегімен алысқанша інілеріңізге кеңес беріп, бағыт айтып қойсаңыздар, қайтеді?! "Бір қыздың кесірі қырық есекке жүк" дейді ғой, дәл сол сияқты бір жігіттің кесірі қаншама нар тұлғалы азаматтарға тиіп кетуі мүмкін ғой! "Әр қазақ менің жалғызым" дейтін намысты азаматтар, бауырларыңызға бас-көз болып қойсаңыздар! Көзі ашық, көкірегі ояу жігітсіздер ғой!


facebook.com парақшасынан 




Көрілген: 1344    Пікірлер: 0

бейсенбі, 26.10.2017, 21:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Желтоқсан, 16:21
    Тәртіп бар еді ол кезде
    17 Қараша, 18:16
    Хиджап туралы нүкте
    11 Қараша, 19:42
    Несіне жылайсыздар?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31