Қыздар білесіңдер ме күйеу қай кезде тастайды?!

Қыздар білесіңдер ме күйеу қай кезде тастайды?!

Қыздар білесіңдер ме күйеу қай кезде тастайды?! Сен "Осы жігіт менің теңім емес. Бекер шықтым осыған күйеуге.Неге құдай маған осындай (сүмелек,бишара,оңбаған т.б) күйеу берген?" -деген ой ойлап, миыңда баяғыда жүрген, потенциальный женихтарыңды онымен салыстырып, қиялыңда солардың байып кеткен біреуі"Красотка"-деген кинодағыдай,Ричард Гир ұқсап келіп сені мына азап өмірден құтқарып әкетед деп армандап жүрсең міне сол күні ол, басқа біреуге кетуге дайындалады! Сен ойша қыдырсаң, ол іспен дәлелдеп береді! Ол қыдырам деп ойламайды басында.
...Атам қазақта осы дүниенің бәрін оқымай-ақ біліп, бала-шағасын практиковать етіп, бақытты өмір сүрген. Қызды біреумен ертерек атастырып қойған. Сол күннен бастап ана ауылда жігіт, мына ауылда қыз, бір бірін ғана қиялдап, аңсап жүрген.(себебі басқаны ойлауға болмайды #косякболады)қазір атастыр деп жатқан жоқпын, қазір заман басқа.#измена не үшін болды? Неге мен? #яотличнаяжене деп жатқандарға жауабым осы!
...Бұйырған бағың осы! #полюбиипримиего Бар күшіңді соған сал! Қойшы #ядостоинлучщегео»Ажырасам да күштісін тауып алам» деп ойласаң...Біріншіден ажыраса алмайсың, себебі құдай екеуді қосқанда көрінбейтін жіппен байлап қояды, өлді ажыраса алмайсың.Ал енді мықты болып, құдайдың жоспарларын қарсы шығып ажырастың ба, құдай тоқпағын қоймайды#одинчерт түсіндіреді.
Мына ғажап ақылды мен айтып отыр екен деп ойлап қалдыңыздар ма? Құдай сақтасын! Оның үстіне дәл бұндай шашылып жатқан ақыл жоқ менде! Бұл «Құралай ханым» деген атпен танымал бір кісінің «Әйелмін мен! Тербетемін әлемді» деп айқайлатып тұрып ат қойған, сыртынан қарағанда әп-әдемі кітаптың ішінде жазылған «ақыл» еді. Аталған кітаптың тағы бір бетінде былай дейді Құралай ханым «Менің дайректік статистикам бойынша, мен сияқты қырыққа таяп қалған қыздардың көбісі күйеулеріне ырза емес екен. Бесит дейді. Достал дейді. Көргім келмейді дейді. Сөйлеспейміз дейді, обшым отношениенні қалай дұрыстауға болады деген қиын сұрақты қояды мадамдар». Осылай дейді де ары қарай өзінің «мощный практикасымен» бөлісе бастайды. Онымен қоймай «Нәтиже суперский!» деп сендіреді! «Күйеуге дұрыстап қараңыздар айналайындар, жарты жолда не тоқалға, не төбенің басына сайып кетпесін» деп ескертеді Құралай ханым. Бір жерлерінде «Тууууу қайдағыны айтып қумашы Құралай хотун дерсіз»деп жазады. Соған қарағанда өзінің ара-тұра қуатынын білетін болса керек))) Сосын тағы арасында #моеделопредлагатьвашеделоотказатся деп айтуды да ұмытпайды өзі. Құралай ханым өзінің кітабында тек күйеу таралы жазады екен деп ойлап қалмаңыз! Жо-жоқ. Бұл кітапта бәрі бар. «Баюдың жолдары» туралы, кешірім, адалдық, ұрпақ тәрбиесі таралы айтады. Ұрпақ тәрбиесі демекші ол туралы бір қызық жазбалары бар. Қазір тауып алайын. «Кейде балаларымды аяймын, қызығып көп туып қойып, санам жетіп дұрыс тәрбиелеп, шамам жетіп жақсылап бағып жатырмын ба өзі...» деп өз-өзіне сенімсіздік білдіреді. Сөйте тұра, ақыл айтуын қоймайды бәрібір. Қысқасы, кітапта жазылған көп қызықтың бәрін тізе беруге уақыт жоқ. Жұрттың бәрі «Құралай ханымның ақылы деген сұмдық енді» деп ауыздарының суы құрығанға кітабын оқып көрейінші деп ойлағам ғой. Қазіргі заманның өлшемі бойынша ақша тауып жатқан, ақша табудың түрлі амалдарын меңгеріп, жолып тапқан адам ең ақылды адам ғой. Осы тұрғыдан келгенде өзімнің сұмдық ақымақ екенімді мойындаймын. Айтып қояйын. Өйткені мына жазба жарық көргеннен кейін мені талап жейтіндердің де, Құралай ханымның адвокаттарының да табылатынын біліп отырмын. Айтпақшы, біз, қазақ әйелдері мимен жұмыс істеуді білмейді екенбіз ғой! Бұл туралы да Құралай ханымның кеңестерінен оқып білдім))) Өз басым осылай да кітап шығара беруге болады екен ғой деген ойды бірінші рет ойлап тұрмын)))Мен өзі ешқандай психологиялық кеңес беретін кітап оқып көрген адам емеспін. Рас. Бастап оқып көрмек болған ғой бір- екі рет. Қарасам, бәрінде өзім білетін дүниені айтады екен. Өз ақылым өзіме жетеді.

Жанар Оразымбет
Фейсбуктегі парақшасынан

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста